Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Наурыз, 2016

1803

«Сырғалым» қыздары өткізген кеш

Облыс орталығындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Аналар кеңесі Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, еліміздің Тәуелсіздігіне арналып, Алғыс айту күніне және келе жатқан 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орайластырып, «Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді.

Өзінің сөйлеген сөзерінде біздің қоғамымызда әйелдерге: аналарға, өмірлік серіктерімізге және қыздарға деген ерекше құрметті қалыптастыру қажеттігі туралы Елбасы Н.Назарбаев ұдайы айтып отырады. Өйткені, бүгінгі бойжеткендер – ертеңгі отаналары, ошақ отын жағып, отбасылық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізушілер. Осыған байланысты, жастарға қазақ халқының дәстүрлері жайлы білімдерін арттыру мен қалыптастыру, жас қыздардың қазақтың әдеп-ғұрпын, өз елінің тарихына деген құрметін тәрбиелеу мақстында өткізіліп отырған іс-шараға дарынды балаларға арналған облыстық «Дарын» мектеп-интернатының  «Сырғалым» қыздар клубының бойжеткендері қатысты.

Әдеби-музыкалық кеш барысында қыздар қазақтың дәстүрлері мен қыз баласының дүние есігін ашқаннан тұрмысқа шыққанға дейінгі сақталатын әдеп-ғұрыптарды  көрсетіп, жиналған қауымға мазмұнды мағлұмат берді. Сол арқылы оқушы қыздарды халқымыздың салт дәстүрлерімен таныстырды.

Кеш соңында «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшылғы мен Аналар кеңесінің мүшелері қыздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етіп, зор ризашылықтарын білдірді.

 

   

   

Қоғамдық келісім

мекемесінің баспасөз қызметі 

Кейін қарай