Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Сәуір, 2016

853

Сырбойылық ұландар Отан қорғау борышын өтеуге аттанды

Қызылордада «Үлкен ел - үлкен отбасы - әскери қуатымыздың негізі» аясында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу мақсатында азаматтарды шығарып салу салтанаты өтті.

Көктемнің алғашқы мезгілінде азаматтарды салтанатты шығарып салу мерекелік іс-шарасында Сыр елінің сарбаздары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Оңтүстік өңірлік басқармасының Қордай ауылдық округі 2038 әскери бөлімінде 40 азамат әскери міндетін орындайды.

Ауған соғысының ардагері, Қызылорда облысының қорғаныс істер жөніндегі департаментінің бастығы генерал-майор Әлімжан Ерниязов: «Сарбаздарға әскери өмірде төзімділік, шыдамдылық пен қайрат-жігер керек», - дей отырып, мұндай іс-шаралар жастарды патриоттыққа тәрбиелеп, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға ықпалын тигізеді деген сенімін білдірді.

Салтанатты іс-шарада болашақ сарбаздарға жолдама табыс етіліп, олардың құрметіне ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің 2019- әскери бөлімі оркестрінің сүйемелдеуімен патриоттық әндер орындады.

Іс-шараға ата-аналар, студенттер мен оқушылар қатысты.

Облыстық қорғаныс департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылғы көктемгі әскерге шығарып салу науқаны сәуір айының 14-і мен маусым айының 25-і аралығына дейін жалғасады. Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарына 700-ден аса азаматтар Отан алдындағы борышын өтейді деп жоспарлануда.

   

   

Кейін қарай