
20 Желтоқсан, 2023
280
«Тұлға қырлары» диалогы
2023 жылғы 20 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғимаратында «Түрік мәдениеті»қоғамдық бірлестігінің өкілдері «Тұлға қырлары» диалогы» іс-шарасын өткізді.
Іс-шара екі блокты қамтыды: алдымен Мұстафа Ататүрік, кейін Темірбек Жүргенов туралы айтылды.
Мұстафа Кемал Ататүрік – ең танымал тұлғажәне әр түріктің мақтанышы – қазіргі Түркияның негізін қалаушы және тұңғыш президенті, сондай-ақ саяси және әскери қайраткер. Оның саяси реформалары түрік әлемін төңкеріп, Осман империясын жойды. 2023 жылғы 29 қазанда Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толды.
2023 жыл – Қазақстанның білімін, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға баға жетпес үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, педагог және журналист, Қазақстанның Тұңғыш ағарту Халық Комиссары Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл. Темірбек Жүргенов ең шалғайдағы ауылдан, ең кедей отбасынан шыққан әрбір адам білім алып, өз талантын көрсетіп, өзін бүкіл елге және бүкіл әлемге танытсын деп армандаған.
Спикерлер ретінде «Түрік мәдениеті» ҚБ төрағасының орынбасары Д.Г.Хасанова, «Қазақстан халқы ассамблеясы»кафедрасының меңгерушісі Л.С. Гривенная, М. Қозыбаев атындағы СҚУ түрік тіліоқытушысы Н. Йылдыз, С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың оқу залдары бөлімінің басшысы Н.В.Чуряк, М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенті Н. Зульфоева, СҚО білім басқармасының әдіскері А.М. Хусаинова сөз сөйледі. Олар кездесу кейіпкерлерінің өмірі мен қызметі туралы айтып, қызықты фактілермен бөлісті.
Диалогқа СҚО «Қоғамдық келісім» КММ және СҚО Қазақстан халқы ассамблеясының, облыстық және қалалық Ардагерлер кеңесінің өкілдері, колледждердің, мектептердің оқушылары мен оқытушылары қатысты.
Іс-шараның әр бөлімі жарқын музыкалық нөмірлермен сүйемелденді. Сонымен қатар Нармин Зульфоеваның орындауында түрік тілінде ән шырқалды.
21 Қыркүйек, 08:53
Қостанайда дәстүрлі халықаралық марафон-бәйге «Ұлы дала жорығы» басталды
21 Қыркүйек, 08:50
Қазақстан өзбектері қауымдастығы «Дустлик» ассоциациясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті
24 Қыркүйек, 23:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
23 Қыркүйек, 18:59
ШҚО-да бірінші республикалық Достық үйлері Конгресі өтті
23 Қыркүйек, 23:51
ШҚО-да «Достық тәжірибелері: нәтижелі үлгілер» атты сараптамалық сессия өтті