
13 Қараша, 2017
1071
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы медиация
2006 жылдан бері елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын (ТКШ) жаңғырту жөнінде мемлекеттік бағдарлама қолға алынып, жүзеге асырылып келеді. Аталған бағдарлама 2020 жылға дейін жалғаспақ.
Алайда, көптеген қала тұрғындары осы бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан реформаның мәні мен мазмұнын түбегейлі түсінбей келеді. Мұндай шараның мақсаты – тұрғындар қонысының жайлы болып, коммуналдық инфрақұрылымдардың тиісті талапқа сай болуын қамтамасыз ету.
Тиісті ақпараттандыру, түсіндіру жұмысының төмен болуы себепті жеке меншік пәтер иелері кондоминиум нысандарын басқару ісіне салғырт қарайды. Кондоминиум нысандарын басқару органдарының жұмыстарына көңілдері толмайды.
Ағымдағы жылдың 10 қарашасы күні Достық үйінде Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен «Мир добра» ҚБ ұйымдастыруымен «Кондоминиум нысандарының жалпылай мүлкін басқару кезіндегі ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық және қуат көздерін үнемдеу аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қатарында Қарағанды қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлерді қалпында ұстау және оларды басқаруды ретке келтіру, тұрғын үй қатынастар жүйесін бірізділікке түсіру сияқты жауабын күткен саналуан сұрақтар болды. Жеке меншік пәтер иелері мен пәтер иелері кооперативтері (ПИК) және тағы да басқа басқарушы компаниялар арасындағы дау-дамайлармен өзара түсінбеушілік жағдайлар әлі күнге дейін жалғасып келеді. Кейде ТКШ саласында «қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» дейтін жағдайлар да аз кездеспейді. Дөңгелек үстел басындағы келелі кездесуде осындай кездерде медиация мүмкіндігіне жүгіну мәселесі де жан-жақты әңгіме арқауы болды.
Жиынға Қарағанды қаласы әкімдігінің өкілдері, қалалық тұрғын үй инспекциясы мен ішкі саясат бөлімінің мамандары және Қоғамдық кеңестің мүшелері мен кәсіби медиаторлар, БАҚ және ПИК, басқарушы компания өкілдері мен тұрғындар қатысты.
Дата события ассамблеи: 13.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады