Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Наурыз, 2017

3761

Түркі тілдес халықтардың фестивалі

Бүгінгі таңда барлық түркі тілдес халықтар көп ғасырдан бері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Түркі халқы 300 миллионнан астам. Бұл – әлемдік тарих пен мәдениетте айқын орын қалдырған 17 империя мен жүздеген мемлекеттің тарихы. Олар ғұн империясы, Түрік қағанаты, Қырғыз қағанаты, Осман империясы, Қазақ хандығы, Сефевидтер мемлекеті, Бұлғар мемлекеті және басқалары.

Петропавл қаласының достық үйінде мәдениеттерді өзара байыту, түркі тілдес халықтардың мәдениеті арқылы этносаралық және мәдениаралық ынтымақтастық пен диалогке жәрдем беру мақсатында түркі тілдес халықтардың фестивалі өтті. Фестивальге Қазақстан халқы Солтүстік Қазақстан ассамблеясының қазақ, татар, әзірбайжан, қырғыз, түрік этномәдени орталықтары қатысты. Фойеде түркі мәдениеті заттарының көрмесі жайғасты, ал СҚО ҚХА этномәдени орталықтарының жастары түрлі тағамдарды паш етті.

Фестиваль татар, түрік тілдеріндегі әндерді, әсерлі қазақ, әзірбайжан билерін, сондай-ақ түрлі түркі тілдес халықтардың өлеңдерін қамтыды. «ӘЛҚИССА» фольклорлы ансамблінің өнері естен кетпес әсер қалдырды. Домбра мен қобыз үні бірігіп, көрермендерді ата-бабаларымыздың жері, сонау ертедегі кең далаға алып барды. Жақсы концерттік бағдарламадан кейін ұйымдастырушылар қонақтарға ұлттық тағамдардан дәм татқызды.

Н.Ә. Назарбаевтың сыртқы саяси ұсыныстарының арқасында түркілерді жақындату идеясы жаңа шабыт пен мазмұнды толысуға ие болады. Түркі мәдениетін қабылдағанда Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы өркениетті көпірдің маңызды қызметін іске асырады. Бұл бағытта этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісін құрудың бірегей қазақстандық тәжірибесі түркі әлемінің кеңістігінде пайдаланылады.

Қандай да түркі тілінде амандасқанмен, біз бір-бірімізді түсінеміз. Өткені біздің «Еліміз бір – халқымыз бір – тағдырымыз бір».

 

Кейін қарай