
08 Шілде, 2022
443
Түркістан аналар кеңесінің мүшелері балабақшада қастерлі домбыраны дәріптеді
Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық Аналар кеңесінің ұйытқы болуымен Ұлттық домбыра күніне орай, «Үкілі домбыра» тақырыбында іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты - жас ұрпақтың санасына отаншылдық ұғымын қалыптастыру. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық аспабы домбыраны дәріптеу арқылы қоғамды ұлттық мәдениетті сақтау және жаңғырту идеясының айналасында одан әрі топтастыра түсу.
Игі шара шаһардағы «Қарлығаш» балабақшасында ұйымдастырылды. Оған Аналар кеңесінің мүшелері, балабақша ұжымы қатысты. Жиында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева жас балғындарды мерекемен құттықтады.
– Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мұра. Жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісіне дөп келетін, ұлттық аспабымызды ұлықтауға арналған бұл мереке 2018 жылдан бері елімізде кеңінен аталып өтеді. Домбыра күнінің мерекеге айналуы - көнеден жеткен асыл қазынамызға, ұлттық мұрамызға берілген лайықты баға деп білеміз. Балаларымыз рухты, білімді, отаншыл болып өсе берсін! Әр сәбиге бақытты балалық шақ тілейміз. Ұлттық руханиятымызды дәріптейтін бұл мереке домбыраның мәртебесін биікке көтере берсін! – деп, жүрекжарды лебізін білдірді.
Төл аспабымызды ұлықтаған шарада ҚХА жанындағы Түркістан облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова және ұлағатты ана Дүйсенкүл Жамбылова бастаған аналар қауымы бүлдіршіндерге домбыраның қадір-қасиетін ұғындырып, сыйлықтар табыстады.
Мерекелік іс-шарада балалар би билеп, әуезді ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында бүлдіршіндер алғыстарын айтып, ерекше көңіл күйде тарқасты.
Айта кетейік, 2018 жылы ашылған «Қарлығаш» балабақшасы шаһардағы үздік балабақшалардың бірі. Мұнда 12 топ бар. Балабақша директоры Ұлдана Ерболатқызының айтуынша, 280 орынға арналған ғимаратта барлық жағдай жасалған.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы