
10 Қаңтар, 2022
541
Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері халыққа үндеу жасады
Түркістан қаласында еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестік төрағаларының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесуге Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Журналистер мен блогерлер клубы, Ғылыми сарапшылық топ және этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Е.Әмірбек модераторлық етті.
Келелі жиынның мақсаты – еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы барлық құрылымдардың ұлттық бірлікті, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мен дамытуда үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық-саяси бірлестіктердің күш-жігерін шоғырландыру, елді сабырлыққа, бірлікке, бітімгершілікке шақыру.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші мемлекетімізге қауіп төніп тұрған қазіргідей қиын сәттерде баршамыздың міндетіміз бір - мүдделеріміз ортақ екенін көрсету.
Келелі жиында сөз алған барлық құрылымдардың өкілдері, этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері халқымыздың бірлікте болуын насихаттап, елді ауызбіршілікке, сабырлыққа шақырып, халыққа Үндеу жасады.
- Құрметті отандастар! Қадірлі жерлестер! Елімізде болып жатқан оқиғаларға Түркістан облысындағы Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері де қатты алаңдаулымыз.
Қазіргідей күрделі уақытта парасаттылық, саналылық қажет екенін күн сайын түсініп отырмыз. Ең бастысы, елдің бірлігі мен тыныштығы ауадай қажет.
Еліміздегі қалыптасқан ахуал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жіті бақылауында екенін телеарналардан көріп-біліп отырмыз. Құқық қорғау органдары да ел тыныштығына іріткі салған лаңкестермен белсенді күрес жүргізуде. Ел тағдыры сынға түскен сәтте ерікті азаматтар да қолынан келген көмегін беріп жатыр.
Президент халыққа арнаған Үндеуінде ахуалды тұрақтандыру үшін нақты тапсырмалар бергенін және жағдайдың тұрақталып келе жатқанын айтты. Еліміздің даму жолында алдағы уақытта қажетті іс-шаралар мен реформалар ұсынатынын алға тартты. Бұл өзгерістер ел азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсартатыны анық. Осы орайда, Президенттің шешімдеріне қолдау білдіріп, елдің береке-бірлігін бекемдей түсу аса маңызды.
Ел тұрғындарына айтарымыз, қазіргідей беймаза шақта жұрт арасына кірген лаңкестерден сақ болайық. Арандатушылық пен төбелес мәселені шешпейді, керісінше тығырыққа тірейді. Мұны халық түсінуі керек. Мемлекет мүлкін өртеп, дүкендерді тонап, қиратып жүргендердің мақсаты бөлек. Сондықтан арандап қалмайық, тәртіпсіздікке жол бермейік!
Ардақты әлеумет!
Тәуелсіз Қазақстан – әлемге береке-бірлігі жарасқан көпэтносты және көпконфессиялы қауымдастықтың өзіндік үлгісі ретінде танымал. Бұл ретте, Тәуелсіздігіміздің тұтастығын көзіміздің қарашығындай сақтау – әрбірімізге абыройлы міндет.
Халқымызда «Бақыт, қайда барасың? Ынтымағы жарасқан елге барамын» деген ұлағатты сөз бар. Ынтымақ кеткен жерден байлық кетеді, бірлік кеткен жерден береке кетеді.
Отаны бірдің, тілегі бір, жүрегі бір. Көп ұзамай бейбіт өмірге ораламыз деген сенімдеміз. Басқа түскен сынақты бірге еңсерейік, отандастар! Ортақ шаңырағымыздың беріктігі мен елдің тыныштығынан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіз Қазақстанның тұғырының нық болуына баршаңызды жұмыла үлес қосуға үндейміз.
Біз әрқашан да Президентпен біргеміз! - делінген Үндеу мәтінінде.
Жиынды қорытындылаған Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Е.Әмірбек өңірдегі қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде жалғасатындығын жеткізіп, бұл бағыттағы жұмыстарды тиянақты түрде бірлесе атқаруға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Шығыс Қазақстан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Батыс Қазақстан облысы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
сегодня, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Шығыс Қазақстан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Батыс Қазақстан облысы