08 Қараша, 2021
497
Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті
Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті. Жиынды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Дәурен Сариев ашып, жүргізіп отырды.
Алқалы басқосуға ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанай және Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшылығы, облыстық ҚХА жанындағы қалалық, аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары мен облыстық этномәдени бірлестіктердің Аналар кеңесінің төрайымдары қатысты. Іс-шарада сөз алған ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанай Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінде берген тапсырмаларының орындалу барысына тоқталып, өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, қоғамдағы аналардың рөлі мен жауапкершілігі және ұрпақ тәрбиесі туралы Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Гүлсара Тоққұлова, Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Мухабат Ибрагимова және Түркістан қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлбарам Малбаева сөз қозғап, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.
Жиынды қорытындылаған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары - Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Дәурен Сариев отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстар ұлттық дәстүрді негізге ала отырып жүйелі жалғаса беретіндігін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37