14 Желтоқсан, 2020
586
Түркістан облысында этносаралық тұрақтылықты сақтауға бағытталған семинар өткізілді
Түркістан облысы аумағында этносаралық қарым-қатынастың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында еңбек ететін мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық прокуратурасымен бірлесіп, «Этносаралық тұрақтылықты сақтау, қақтығыстардың алдын-алу, шиеленістің пайда болуы себептері» тақырыбында онлайн семинар-трениг өткізді.
ZOOM порталы арқылы өткен семинарға облыстық қоғамдық даму басқармасының қызметкерлері, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, облыс, қала, аудан прокуратура қызметкерлері, ҰҚКД-і мен қала, аудан бөлімшелерінің және қала, аудан полиция басқарма мен бөлімдерінің қызметкерлері, этномәдени орталықтардың төрағалары қатысты.
Семинар-тренингті облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Рысбеков Ғани жүргізіп, өңірде соңғы 10 жылда орын алған этносаралық шиеленістер мен олардың шешілу жолдары туралы айтып өтті.
Түркістан облысы прокуратурасының басқарма басшысы Боранбаев Нұржан Қанайұлы «Этносаралық қақтығыстар орын алған кезде мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдардың маңыздылығы туралы» баяндама жасады. Сонымен қатар, Л. Гумилев ЕҰУ-нің тарих ғылымдарының докторы, профессор, этногроф Артықбаев Жамбыл Омарұлы семинар кеңестің маңыздылығын ашып, «Этносаралық қақтығыстардың алдын алу мәселелері: теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбында сөз қозғап, этносаралық саясат бағытында өз ұсыныстарын білдірді.
Жиында кезекті сөз алған Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТУ-нің PhD докторы, доцент, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми сарапшылық топ мүшесі Қалдыбай Қайнар «Этносаралық келісім негіздері мен келісім тұрақтылығын сақтау ерекшеліктері» тақырыбында лекция оқыды.
Жиын соңында семинарға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
сегодня, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы