22 Тамыз, 2022
441
Түркістан және Жамбыл облыстары ҚХА жанындағы аналар кеңестері тәжірибе алмасты
2022-жылдың 20-тамыз күні Түркістандағы «Ұлы Дала елі» орталығында «Мәдениетті ана — мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының Түркістан және Жамбыл облыстары бойынша Аналар кеңестері бірлесіп игі шара ұйымдастырды. Жиынға Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова модераторлық етті.
Тағылымы мол шараға Түркістан және Жамбыл облыстары ҚХА Аналар кеңестерінің төрайымдары мен мүшелері, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында қос өңірдің аналар қауымы еркін форматта пікір алмасты. Осы орайда, Жамбыл облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Мухабат Миражапова елдік пен бірлікті нығайту жолындағы ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.

Мазмұнды шарада сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов екі облыстың Аналар кеңестері Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінде берген тапсырмаларын негізге ала отырып, жұмыстарды жүйелі жалғастыратынын атап өтті. Сондай-ақ өз сөзінде Е. Көпжасарұлы осындай басқосулар жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен септігін тигізетінін тілге тиек ете келе, басшылық атынан меймандарға алғысын білдірді.

Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасты. Жиында Мақтаарал аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері әннен шашу шашты.
Келелі кеңес барысында көршілес қос өңірдің Аналар кеңестері арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Шара соңында құрметті қонақтар «Ұлы Дала елі» орталығының жұмысымен танысып, мұражайдың құнды жәдігерлерін тамашалады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
ҚХА аясында Павлодар облысында Еңбек Ассамблеясы ашылды
-
Астанада «Елдесу және татуласу» жобасы аясында ҚХА Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
АСТАНАДАҒЫ КОРЕЙ МӘДЕНИЕТІ КҮНІ: ДӘСТҮР, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДОСТЫҚ БІРЛІГІ
-
Президенттік орталықта мемлекеттік және қоғамдық наградаларды тапсырудың салтанатты рәсімі өтті