23 Ақпан, 2022
710
Түркістанда Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шаралар басталды
Түркістан облысында 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай онкүндік басталды. Мерекелік іс-шаралармен айшықталатын әр күн адамдарды ынтымақ пен бірлікке, татулыққа шақырмақ.
Онкүндіктің ашылу салтанаты Қ. А. Ясауи кесенесінен бастау алып, «Керуен сарай» көпфункцианалды туристік кешенінде этнос өкілдерінің мерекелік шеруімен жалғасты. Оған қаламыздың белсенді жастары, этнос өкілдері мен ЖОО-ның студенттері қатысып, мұндай шара елді бірлікке үндейтінін айтты.
– Алғыс айту күні – бір-бірімізге деген құрметіміз бен сыйластығымызды арттыратын мейрам. Тарих тоғыстырған, тағдыр табыстырған барша этнос өкілдерінің берік бірлігі мен тату тірлігі Қазақстанның басты жетістігі. Бүгін, мінеки, мерекенің мән-маңызын арттыратын осындай игі шараға куә болдық. Бұл - біздің бірлігімізді нығайтады, – деді қалалық славян этно-мәдени бірлестігі төрайымының орынбасары Ирина Чеганова.
Шара барысында қатысушылар туған елімізге алғыс білдіру мақсатында бір шаңырақ астына жиналды. Іс-шара соңында этномәдени бірлестік өкілдері жұртшылықты Алғыс айту күнімен құттықтап, барша қазақстандықтарға челлендж жолдады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті