02 Наурыз, 2023
726
Түркістанда алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт өтті
Түркістандағы "Фараб" әмбебап кітапханасының концерт залында облыстық қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ - нің ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Мерекелік шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.
"2016 жылдан бастау алатын Алғыс айту мерекесі елімізде ерекше тойланып келеді. Түркістан облысы да бұл дәстүрден кенже қалып көрген емес. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай облысымызда мерекені ауқымды етіп өткізу шаралары қолға алынып, 20 ақпаннан бастап түрлі мәдени-көпшілік шаралар, қайырымдылық акциялары өткізіліп, бүгін этномәдени бірлестіктер өнерпаздарының концертімен қортындылануда. Алғыс айту мерекесі құрметіне арналған жиынға келген баршаңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!,- деді облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев.
Мерекелік шарада облысымызға танымал әншілер мен этномәдени бірлестіктер өнерпаздары өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар, облысымызда түрлі салаларда абыройлы қызмет етіп, еліміздің өркендеуіне елеулі үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтар Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Әзілхановтың, облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаевтың Алғыс хаттарымен марпатталды.
Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі Б.Бегалиевке Қазақстан халқы Ассамблеясының "Алғыс" төсбелгісі табысталды.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы
"Қоғамдық келісім" КММ-нің
Баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
-
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:45
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
12 Қыркүйек, 15:55