16 Қыркүйек, 2021
437
Түркістанда өткен Аналар кеңесі отырысында өзекті мәселелер қозғалды
Бүгінде ел экономикасын көтерудегі әйелдердің үлесі жоғары. Бұл туралы Түркістан қалалық «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында өткен Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысында сөз болды. Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Гүлбарам Малбаеваның айтуынша мемлекеттік қызметтегі қызметкерлердің басым бөлігін әйелдер қауымы құраса, денсаулық сақтау саласында нәзік жандылардың үлесі 75 пайызға, білім беру саласында 70 пайызға дейін жеткен. Сондай-ақ кәсіпкерлік саласында да әйелдердің үлесі артып келеді.
Жиынға Түркістан қалалық «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының мамандары, облыстық этномәдени бірлестіктері жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы мен мүшелері, аудандық, қалалық кеңес төрайымдары, «Достық» клубының мүшелері қатысты. Шара барысында ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған міндеттер мен үй жағдайындағы кәсіпкерлік және отбасылық бизнес тақырыбы әңгімеге арқау болды.
Түркістан қалалық «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Лаура Бекмурзаева кәсібін ашып, жұмыс істеймін деген көпбалалы аналарды қолдауға арналған бағдарламалар жайында айтса, облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Дильдора Хабибова мен Кентау қалалық және Бәйдібек аудандық Аналар кеңестерінің төрайымы Маржан Кривенцова мен Нағима Қырықбаевалар көпбалалы әйелдерге, жалғыз басты аналарға, аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналарға өз ісін бастауға көмектесудің маңыздылығын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті