17 Қыркүйек, 2018
1294
Түркістанда этномәдени орталықтардың басшылары қазақстандықтардың татулығын паш ететін «Бірлік» аркасын салуды ұсынды
Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Мәдениет орталығында Қазақстан халқының тілдері мен мәдениеті және салт-дәстүрі күні мерекесіне арналған «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты мерекелік шарасы өтті.
Шараны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармалары ұйымдастырып, өткізді.
Айтулы шарада облыстық этномәдени бірлестіктердің қолөнер бұйымдары мен ұлттық аспаптарынан көрме ұйымдастырылды.
Мерекелік жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков өңір тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.
«Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай түркі дүниесінің қарашаңырағы – Түркістанда өтіп жатқан тұңғыш облыстық тіл фестивалі құтты болсын! Түркістан – қазақ руханиятының алтын бесігі, ұлттық құндылықтардың қазыналы діңгегі. Түркістандықтар тіл мен дәстүр, тарих пен тәрбие тұрғысында байтақ еліміздің барлығына үлгі-өнеге болуы керек, — деді ол.
Жиын барысында өңірде тіл саясатының жүзеге асуына лайықты үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды. Сондай-ақ, облыстық күрді этномәдени бірлестігінің төрағасы Азимбай Надиров сөз алып, түркі әлемінің мәдени-рухани астанасында қазақстандықтардың татулығын паш ететін Орталық Азияда теңдессіз көрікті «Бірлік» аркасын салуды ұсынды.
Бұл өз кезегінде туристердің тамашалайтын көрікті орнына айналатындығын және бірліктің бір нышаны болатындығы жөнінде атап өтті. Сонымен қатар, облыстық, республикалық Абай оқулары байқауының жүлдегері, облыстық корей этномәдени бірлестігінің мүшесі Тимур Пак оңтүстік жұртшылығына ақеділ алғысын жеткізді. Тілдер мерекесінде келешекте облыс орталығында бой көтеретін «Достық» үйінің алғашқы жәдігері ретінде «Достық кілемі» сыйға тартылды.
Салтанатты шарада қазақстандықтардың берекелі бірлігін дәріптейтін «Шаңырақ» поэтикалық-хореографиялық композициясы сахналанып, этномәдени бірлестіктердің жанындағы шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.
Айта кететіні, қазіргі таңда облыстың барлық аудан, қалаларында мемлекеттік тілді және орыс, ағылшын тілдерін тегін оқытатын орталықтар жұмыс істейді. Өңірдегі этнос өкілдерінің 84 пайызы мемлекеттік тілді еркін меңгерген.
Дата события ассамблеи: 17.09.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
сегодня, 13:01