26 Тамыз, 2021
423
Түркістанда этнос өкілдері шеберлік сағатына қатысты
Түркістанда этнос өкілдері «Қазақтану» ғылыми ағартушылық жобасы аясында қазақтың зергерлік өнердің шеберлік сағатына қатысты. Шараның мақсаты қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының біріктіруші әлеуетін Қазақстан Республикасы халқының қоғамдық санасына енгізу, еліміздегі қолөнер шеберлерінің еңбегін, бұйым жасаудағы әдіс-тәсілін этнос өкілдеріне насихаттау, ұлттық мұраны сақтап және оның жасалу жолдарын үйрету болып табылады.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен шара барысында өңіріміздегі этнос өкілдері облыс орталығындағы Оқушылар сарайының «Зергерлік өнер» үйірмесінің жұмысымен танысты. Аталған үйірме жетекшісі, Қазақстан қолөнершілер және дизайнерлер одағының мүшесі, зергер, қолөнер шебері Нұрғали Оспанов қазақтың зергерлік қолөнер бұйымдарының жасалу ерекшеліктерін түсіндіріп өтті. «Шебердің қол ортақ» дегендей шеберлік сағатында қолөнершінің жүзікті жасау технологиясын меңгеріп, зергердің әп-сәтте дайындаған қолөнер туындысын тамашалады.
Зергердің шеберлігіне тәнті болған шараға қатысушылар сол мезетте өздеріне ұнаған бұйымдарға тапсырыс беріп, қызығушылық танытып жатты.
Мұнан соң сәулеті мен сәні келіскен ғимаратта орналасқан орталықтың басқа да бөлімдеріне экскурция жасап, тігін тігу, тоқыма тоқу, ағаш жону, қыш ыдыстарын жасау, сурет салу өнерлерінің жасалу жолдарымен танысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті