
14 Наурыз, 2019
26353
ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА АРНАЛҒАН ОНКҮНДІК ЕРЕКШЕ БАСТАЛДЫ
Түркістан төрінде бастау алған мерекелік онкүндік 14 наурызда ерекше басталады. Облыстағы этнос өкілдерімен бірлескен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, ұлттық тағамдар тарту етіледі. Өңірдегі кітапханаларда «Менің елім – күндей нұрлы Қазақстан», «Наурыз жыл басы» атты тақырыптарда кітап көрмелері өтеді.
Бұл туралы Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы мәлімдеді.
15 наурыз «Тағзым күніне» орай дүниеден өткен азаматтардың рухына құран бағышталып, құрбандық шалынады. Бұл күні мерекелі, берекелі Наурыз той», «Наурыз – жыл басы» атты мәдени іс-шаралар аталып өтіледі. Сондай-ақ, «Дін имандылық ұйытқысы» атты тақырыптарда кездесу кештері өтетін болады.
16 наурыз «Тазару күні» деп белгіленген. Осыған орай, аудан қалаларда жалпыоблыстық сенбілік өтеді.
Ал 17 наурыз «Көктем шуағы күніне» байланысты спорттық ойындар киелі Түркістан қаласында таңнан кешке дейін жалғасады.
18 наурыз «Көктем өрнектері күні» деп аталып, қоғамдық көліктер мен мемлекеттік мекемелерді және көшелерді мерекеге сай безендіру қолға алынады.
19 наурыз «Балалар күнінде» цирктік және театрландырылған қойылымдар, ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мерекеге орай тәтті тоқаштар мен балмұздақ таратылады деп жоспарлануда.
20 наурыз «Бірлік күні» аясында ардагерлерді мерекемен құттықтап, дастархан жайылады.
Ал 21 наурыз «Наурыз» мерекесі күні облыс әкімінің қатысуымен сағат 10-00 де «Қош келдің, Әз Наурыз!» театрландырылған мерекелік іс-шарасы өтеді.
Сол күні 19-00 де «Есімхан» алаңында гала концерт ұйымдастырылады.
22 наурызда Түркістан облысында «Наурыз мейрамы» мерекелік іс-шаралар, жалпыхалықтық серуендер және концерттік бағдарламалар мен ұлттық спорттық ойындармен одан әрі жалғасын табады.
Түркістан облысы Наурыз мерекесін ерекше атап өтуде. Күн тақырыбы аясында Түркістан облысының барлық қалалары мен аудандарында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жергілікті әкімдіктермен бірлесіп мерекелік іс-шаралар өткізілуде.
14 наурыз күні Түркістан қаласындағы «Арбат» алаңында этномәдени бірлестіктер, мәдени орталықтар және жергілікті атқарушы билік белсенді қатысты.
Мерекелік концертте «Алтын дәуір», «Көрісу», «Қауышу» қойылымдары, әртістер ән айтып, әр түрлі композицияларды орындады. 300 адамнан құралған «Жастық-көктем» атты флешмоб ұйымдастырылды.
Мерекелік концерттің соңында түрлі этностардың өкілдері ұлттық тағамдар мен кітап көрмелерін тұрғындар назарына ұсынды.
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті