01 Шілде, 2021
478
Түркістанда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІII сессиясы өтті
Түркістан қаласында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік тұғыры – тұрақтылық» тақырыбында ХХІII сессиясы өтті. Cессияға өңір басшысы, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Өмірзақ Шөкеев және Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшелері қатысты. Сессия отырысын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов ашты.
Сессия жиынында заңнамалық талаптарға сәйкес ротация тәртібімен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасарлары қызметіне облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Султанов Юлдаш Шадыбаевич пен облыстық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Сафаров Сарманбай Кочалиевич сайланды. Кеңес мүшелері жаңа лауазым иелерінің өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлігін сақтау саласындағы алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жиында сөз алған облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы сессияның күн тәртібінде қаралған Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIХ сесиясының шешімдерін іске асыру мәселелері жайында айта келе, алда тұрған бірқатар міндеттерді атап өтті.
Сондай-ақ сессия мәжілісінде облыстық өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Раимжан Кочкаров, Кентау қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Асылбек Өтебаев, облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі Жанат Таукеева, Сарыағаш аудандық тәжік этномәдени бірлестігі жастар қанатының мүшесі Фаез Файзидинов облыс көлемінде жүзеге асып жатқан қайырымдылық, денсаулық, медиация және тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның дамуына жастардың қосқан үлесі жайында айта келе, осы бағыттар бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Сессия жұмысын қорытындылаған өңір басшысы халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негізін қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту, Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету бойынша міндеттерді жүктеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды