
01 Наурыз, 2019
5656
ТҮРКІСТАНДА ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ
Бүгін Түркістан қаласында «Ұлттық қолөнер – Ұлы мұра» атты қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ұйымдастырылған іс-шараға қатысушылар «Ұлы даланың мұрасы» атты қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесін тамашалады.
Көрменің басты мақсаты – ұлттық қолөнерді дамыту, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету, олардың жасаған бұйымдарын халық арасында кеңінен насихаттау, жас әрі дарынды қолөнершілерді анықтау. Сонымен қатар аймақта туризмді дамытуға ықпал ету. Бабадан қалған қолөнерді ұрпақ санасына сіңіріп, кәсіп ретінде дамыту.
Мерекенің негізгі бөлігі «Есімхан» алаңында жалғасты. Онда «Ұлттық қолөнер» шеберлерінің еңбегін сипаттайтын бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, БАҚ өкілдері, көрме қонақтары мен барлық аудан, қаладан қолөнер шеберлері қатысты.
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр жұртшылықты Алғыс айту күнімен және қолөнер шеберлерінің көрмесінің ашылуымен құттықтады.
«1 Наурыз алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы күнімен бірге келген шуақты мереке бір-бірімізге деген сыйластықты арттырып, бірлігімізді бекемдей түседі. Қазақ халқының мейірбандығын көрсететін мейрам құтты болсын! Түркістан қаласы көне замандардан бері кәсіпкерлік пен қолөнердің орталығы болған. Бүгінгі іс-шара арқылы өңіріміздегі үздік қолөнер шеберлерін анықтап, оларға қолдау көрсетуді көздеп отырмыз. Екіншіден, Түркістан облысы үшін туризм саласының орны ерекше. Ал туризм дамуы үшін қолөнеріміз де дамуы тиіс. Сондықтан шеберлерге жағдай жасалып, шағын кәсіпорындар ашылуы қажет», – деді Ербол Садыр.
Қолөнер көрмесінде зергерлік бұйымдар, керамика, ағаш ою, былғарыны көркемдеп өңдеу, тоқыма, киіз басу және өзге де салалар бойынша үздік атанған шеберлерге арнайы диплом мен сыйлықтар тапсырылды. Көрме соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.
ҚОСЫМША ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР:
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАРИХИ ҚҰЖАТТАР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ІСКЕ СӘТ!» ТАҚЫРЫБЫМЕН ҮЗДІК СТАРТАП ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛМЕК
АЛҒЫС АЙТУ АПТАЛЫҒЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ШЫМКЕНТТІКТЕР КӨШЕ ТАЗАЛАП, КӨРШІЛЕРІН ДАСТАРХАНҒА ШАҚЫРУДА
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті