23 Тамыз, 2021
424
Түркістанда түрлі этнос жастары тарихи нысандарды аралады
Түркістан облысында тұратын этнос жастары «Түрленген Түркістан» өлкетану экспедициясына қатысты. Экспедиция аясында өңірдегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері және «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының Түркістан облыстық штабының мүшелері «Сауран қалашығы» мен Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап, тарихи мұраларымен танысты.

Сондай-ақ Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешеніне саяхат жасап, естелікке суретке түсті.
Шараны Түркістан обылысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды. Басты мақсат Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан халқының ортақ тарихи-мәдени мұрасын қолдау, сақтау және насихаттауды жүзеге асыру болып табылады.
Саяхат барысында экспедициялық топ бос уақытты тиімді пайдаланып, «Қазақтану» жобасы аясында «Қазақтың көне және дамушы салт-дәстүрлері мен әдеп ғұрыптары» тақырыбында пікір алмасып, көне нысандардың тарихы жайындағы аңыздарды әңгімеге арқау етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» мен Өзбекстан Республикасының Жастар істері агенттігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды
-
Риддер қаласының «Ассамблея жастары» өкілдерімен және белсенді жастарымен еркін форматта кездесу өтті
-
Қостанайда дәстүрлі халықаралық марафон-бәйге «Ұлы дала жорығы» басталды
-
«Этномәдени сауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу бағдарламасы өтті
-
Астанада «Этномәдени сауаттылық және БАҚ-тағы этносаралық қатынастарды жариялау» атты білім беру бағдарламасы жалғасуда
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысына қатысты