06 Желтоқсан, 2018
1201
Түркияда қазақтың белгілі ақыны мен композиторы Естай Беркімбаевтың 150 жылдығы кеңінен аталып өтілмек
«Түріксой» Түркі мәдениеті ұйымының 25 жылдығы мен әйгілі ақын, әнші, композитор, Естай Беркімбаевтың 150 жылдығына орай желтоқсан айының 7-сі мен 10-ы аралығында Түркияның Стамбул және Анкара қалаларында Естай күндері өтеді. Шара «Түріксой» ұйымының тікелей қолдауымен іске асып отыр.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, «Ертіс-Баян тарихи тұлғалары» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алтынбек Нұхұлы бастаған павлодарлық делегация Түркияға жол тартты.
«Естай әндері шырқалып, ақын бабамыз туралы фильдер көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылмақ. Естай өмірі мен шығармашылығына арналып конференция ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр», – деді Алтынбек Нұхұлы.
Шараға Павлодар облысынан бір топ зиялы қауым өкілдері мен Естайдың ұрпақтары, сондай-ақ дәстүрлі әншілер мен естайтанушылар шақыру алды.
Айта кетейік, 5 желтоқсанда Алматы қаласында әнші-сазгер бабамыздың мерейтойы шеңберінде республикамызға танымал өнер иелері Ерлан Төлеутай, Еркін Шүкіман, Тілеулес Құрманғали және «Арнау» фольклорлық ансамблінің қатысуымен «Майда қоңыр» атты дәстүрлі ән кеші өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
вчера, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті