Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Желтоқсан, 2015

1406

Т.Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігі 25 жылдығын атап өтті

Ақтаудағы Т.Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігі 25 жылдығын атап өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық хатшылығы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, этномәдени бірлестік төрағалары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Тағылымды іс-шара барысында Т.Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігінің төрағасы сөз алып, жүрекжарды тілегін жеткізді. «Біз бүгін украин этномәдени бірлестігінің 25 жылдығын атап өтудеміз. 25 жыл ішінде бірлестік татулық пен бірлік жолында көптеген іс-шаралар легін өткізді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы барлық этномәдени бірлестіктердің барлығы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен ашылғанын барлығымыз жақсы білеміз және біз Елбасының сарабдал саясатын қолдаймыз», - деді Т.Лесниченко.

Іс-шара аясында Т.Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігін мерейлі мерекесімен Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Мақсұтқызы Исмурзина, Маңғыстау облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен  Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері де құттықтады.

Салтанатты іс-шарада Т.Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелері мен «Смеричка», «Червона калина», «Альтаир» сынды өнерпаздары марапатталды.

Іс-шара соңында Т.Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігінің мүшелері өнер көрсетіп, жиналғандарды әсем ән мен тәтті күйге бөлеп, естелікке суретке түсті.

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай