
30 Сәуір, 2017
980
«Тәуелсіз Қазақстан этносаясатының қалыптасуы» тақырыбындағы дәріс
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, саяси ғылымдарының докторы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Достық үйінде «Тәуелсіз Қазақстан этносаясатының қалыптасуы» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріске этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелері, облыстық ассамблеяның барлық құрылымдарының өкілдері, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушылары, білім алушы магистранттар, ЖОО ректорлары мен гуманитарлық кафедраларының оқытушы-профессорлары, колледждер мен орта мектептердің директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен тарих пәні мұғалімдері, барлығы 300-ге жуық тыңдарман қатысты.
Облыстық ассамблеяның төрағасы дәрісін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен байланыстырып, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік этносаясатта қол жеткізілген табыстар мен алда тұрған міндеттерді айқындап берді.
Аймақ басшысы «Мақалада көтерілген әрбір мәселе әр қазақтың, қазақстандықтың жүрегіне жылы тартқан кемел ойдан туған кемеңгер шешім екендігі даусыз. Қарапайым мақала емес халықты рухани байыту мақсатында жасалған маңызды қадам. Сан ғасырлық тарихы бар халқымыздың ұлттық құндылықтарын түгендеу, бүгінгі заман талабымен улестіре отырып жазуды көздейтін мемлекеттік деңгейдегі бағдарлама», - деп бүгінгі қоғам қажеттілігін дөп басатын негізгі құжат екенін атап өтті.
Дәріс барысында облыстық ассамблея төрағасы Қ.Елеуұлы «Алдымызда бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруді мақсат етіп қойғаннан кейін де, біз өзімізге тән ерекшеліктерді, халқымызға тән қалпымызды сақтап келеміз. Еліміздің этносаралық бірлік пен қоғамдық келісім саясаты бүгінде дүниежүзінің қызығушылығын туғызған бірегей моделге айналғанын жақсы білесіздер. Этносаясат тамыры терең серпінді үдеріс. Бұл ең алдымен еліміздің тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық, конфессияаралық келісім негізінде, қоғамдағы тұрақтылықта бағытталған сындарлы саясатының жемісі», - деді.
Елдік пен бірліктің символына айналып, Елбасының төл туындысы болып әлем елдері тарапынан жоғары бағаға ие болған Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы «Бүгінгі таңда этностардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан, барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт – Ассамблеяның орны ерекше. Қазақстан халқы Ассамблеясы өзге елдерге үлгі көрсете отырып, бірліктің қазақстандық бірегей үлгісін танытты», - дей келе, облыстық ассамблеяның 11 этномәдени, 6 этнобағытталған бірлестіктері, 145 Аналар кеңесі, 155 Қоғамдық келісім кеңесі, 22 достық клубы, 1 ғылыми-сарапшылық тобы,1 медиация кабинеті, облыстық мәслихатта депутаттық тобы, меценаттар тобы, журналистер мен
сарапшылар клубы, жастар қанаты, ақпараттық-насихаттық тобы бар үлкен әлеуеттік күшке айналғанын атап өтті.
Қызықты әрі мазмұнды өткізілген дәрістен кейін тыңдармандар тарапынан лекторге бірнеше сауалдар қойылды. Сауалдардың барлығына толық әрі тұшымды жауаптар қайтарылды.
Лекция соңында облыс әкімі барша жиылған қауымды 1 – мамыр Қазақстан халқы бірлігі мерекесімен құттықтады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы