
23 Қараша, 2016
908
«Тәуелсіз Қазақстан» поезы Ақтөбеде
20-22 қараша күндері Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» поезды болды. Поезды мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ, этномәдени бірлестіктер дің мүшелері оркестрдың сүймелдеуімен вокзалда салтанатты жағдайда қарсы алды.
Поездың жүру маршрутына сәйкес 17 аялдамасы болып табылатын Ақтөбе қаласында екі күн жұмыс жүргізілді.
«Тәуелсіз Қазақстан» поезы штабының жұмысы 21 қараша күні басталды. Таңертеңмен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері қоғамдық қабылдау жүргізе бастады, қабылдауға 50-ге жуық адам келді. Азаматтар сұрақтары көбінесе жұмыспен қамту мен тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды.
Қоғамдық қабылдау аяқталысымен, поезд штабының мүшелері «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы аясында қалалық Жасөспірімдер үйіне жол тартып, жастармен кездесіп, сыйлықтарын табыс етті. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәуелсіздік тарихы – Ұлт рухының өлшемі» атты дөңгелек ұстел жұмысына қатысты. Ал Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Бейбітшілік және келісім үлгісі – Қазақстан бренді» тақырыбындағы кездесу барысында «Теңдесіз сый» акциясының аясындағы кітап табыстау рәсімі өтті.
Қала халқымен белсенді жұмыс жүргізілді, ауылшаруашылығы министрлігінің өкілдерімен кездесуге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік филиалы ғимаратында өткізілген кездесуге 40-қа жуық адам жиналды. Талқыланған сұрақтар қатарында ауылшаруашылығы тауарларына бағаның жоғары болуы мен мамандар даярлайтын орталықтың ашылуы болды. Білім беру саласының өкілдерімен № 10 орта мектепке жеке мәселелерімен 250 адам келді. Ұлттық экономика министрлігінің өкілдерімен кездесу үш жерде өткізілді, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы департаментінде өткізілген кездесуге 45 адам, медицина колледжіндегі кездесуге 150 адам, ал Қ.Жұбанов атындағы университетте өткен кездесуге 155 адам қатысты.
Бұдан бөлек №3 қалалық емханада жетекші медициналық мамандардан 2000-дай ақтөбелік тексерілуден өтті.
Жалпы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» республикалық акциясы аясында Ақтөбе қаласы бойынша 13 іс-шара өткізіліп, 3095 адам қамтылды.
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз хатшылығы
Ұқсас жаңалықтар
-
СҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Ақтөбеде ZOOM платформасы арқылы облыстық Aналар кеңесінің отырысы өтті
-
Ақмола облысы «Таза Қазақстан» акциясының аясында сенбілік өткізді
-
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫМЕН
-
Ақтөбеде «Бірлік.Жасампаздық.Өрлеу» тақырыбында облыстық ҚХА XXVII сессиясы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
Ұқсас жаңалықтар
-
СҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Ақтөбеде ZOOM платформасы арқылы облыстық Aналар кеңесінің отырысы өтті
-
Ақмола облысы «Таза Қазақстан» акциясының аясында сенбілік өткізді
-
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫМЕН
-
Ақтөбеде «Бірлік.Жасампаздық.Өрлеу» тақырыбында облыстық ҚХА XXVII сессиясы өтті