29 Қараша, 2016
1206
«Тәуелсіз Қазақстан» поезының Шалқар қаласындағы жұмысы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, биыл 1 қараша күні Астана қаласынан шыққан «Тәуелсіз Қазақстан» арнайы поезы Ақтөбе облысындағы соңғы станциясы Шалқар қаласына 2016 жылғы 27 қараша күні келді. Құрамында министрліктердің жетекші мамандары, сарапашылар, заңгерлер, медицина қызметкерлері бар пойызды Шалқар ауданының тұрғындары ерекше ықыласпен күтіп алды.
Республикалық акция аудан бойынша білім, ауыл шаруашылығы, әділет министріктерінің және ұлттық палата өкілдері қоғамдық қабылдаулар өткізіп, барлығы 120 адамға кеңес берілді. Оған қоса, кәсіби емес медиаторларға арналған семинарға 150 шалқарлық қатысып, сертификат табысталды. Поезд делегаттарының қатысуымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жылдың белестері» атты дәріс-таныстыру және «Тәуелсіздік тарихы – Ұлт рухының өлшемі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Ал аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Тәуелсіз Қазақстан» поезы штабының жетекшісі, профессор, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі А.Әлпейісов, Астана қаласының қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, профессор, ҚХА мүшесі Қ.Қазкенов, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы директорының орынбасары К.Бурханов сияқты Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері тұрғындарды қабылдады.
«Қайырымдылық керуені» жалпыреспубликалық акциясы аясында психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 25 мүгедек балаға Астанадан әкелінген базарлықтар үлестірілді. Аудандық емханада 406 тұрғын жетекші дәрігерлердің қабылдауында болды. Аудан бойынша «Тәуелсіз Қазақстан» республикалық акциясының жұмысының іс-шараларына Шалқар ауданының 1858 тұрғыны қамтылды.
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Алматы қаласындағы А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназиясының директорымен кездесуі өтті
-
«Ассамблея жастары» ұйымының көшбасшылары Душанбедегі Тәжікстан мен Қазақстан жастары форумының жұмысына қатысты
-
СҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Сыртқы істер министрлігінде «Ассамблея жастары» халықаралық жұмысы жөнінде жиын өтті
-
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда