
23 Қараша, 2016
722
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Атырауда
22 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21.30-да мұнайлы өлке –Атырау жеріне келіп ат басын тіреген «Тәуелсіз Қазақстан» пойызын атыраулықтар салтанатты түрде қарсы алды.
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызының делегаттарын күтіп алуға Атырау облысының әкімі Айгүл Теміртасқызы Әжігалиева, облыстық және қалалық әкімдіктің өкілдері, ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелердің, этномәдени бірлестіктердің, жоғарғы оқу орындарының өкілдері, жастар, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ қатысты.
Іс-шара барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары А.Т.Әжігалиева қонақтарға Атырау жеріне қош келдіңіздер, - деп ізгі тілегін білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы акциясының штаб жетекшісі Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарихшы Әміржан Әлпейісов қала тұрғындарын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, пойыз делегаттарымен таныстырды. Бұл пойызда түрлі құзырлы орган өкілдері, дәрігерлер мен заңгерлер бар екенін атап өтті ол өз сөзінде.
23 қараша күні ауқымды акцияның қатысушылары түрлі ұйымдарда және мемлекеттік басқармаларда ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауларға қатысады. Теміржол гоститалінде және №3 қалалық емханада астаналық дәрігерлер емделушілерді қабылдап, кеңес беріп, арнайы ем алу үшін Астананың және Алматының ғылыми орталықтарына жолдама береді.
Сондай-ақ, поезд делегаттары Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Тұңғыш Президент күніне арналған «Қазақстан Республикасының қалыптасуындағы президенттік институттың рөлі мен маңызы» атты облыстық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысады.
Содан кейін Достық үйінде Қоғамдық келісім кеңесінің қоғамдық қабылдауында медиация мәселелері бойынша қабылдау жасайды, онда әлеуметтік мәселелер қозғалады.
Атырау облысы әкімі аппарытың
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
СҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Ақмола облысы «Таза Қазақстан» акциясының аясында сенбілік өткізді
-
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫМЕН
-
Атырауда ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының инспекторы облыстық ҚХА құрылымдар басшыларымен кездесті
-
Атырауда «Этноблогер» шығармашылық байқауы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
СҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Ақмола облысы «Таза Қазақстан» акциясының аясында сенбілік өткізді
-
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫМЕН
-
Атырауда ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының инспекторы облыстық ҚХА құрылымдар басшыларымен кездесті
-
Атырауда «Этноблогер» шығармашылық байқауы өтті