
19 Қараша, 2016
676
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Батыс Қазақстан облысында
Республикалық акцияның қатысушыларын Ақ Жайық жұртшылығы темір жол вокзалында құрметпен қарсы алды. Темір жол вокзалының алаңында өткен салтанатты іс-шараға БҚО әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев, ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымдарының өкілдері, қала тұрғындары мен БАҚ қатысты.
Облыс әкімі ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралардың мәні зор екендігін атап көрсетті. «Жиырма бес жыл ішінде еліміз қол жеткізген көптеген табыстарды баяндап, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Мәңгілік ел» идеясын халыққа жеткізу мақсатында белгілі қоғам қайраткерлері, бірқатар министрліктер өкілдері мен түрлі сала мамандары, Мәжіліс депутаттары келіп отыр. Олар тұрғындармен кездесіп, елімізде атқарылған нақты істерді мәлім етіп, өз ой-толғамдарымен бөліспек», - деді Б.Азбаев.
«Біз еліміздің батыс қақпасболып есептелетін Оралға келгенімізге қуаныштымыз. Біз Батыс Қазақстан десек, көне тарихымызға көз жүгіртеміз. Кешегі қанқұйлы соғыста майданға аттанып, батыр атанған, сөйтіп халқымыздың атын шығарып, рухын шыңдаған Мәншүк Мәметова сынды қыздарымызбен мақтанамыз. Батыс Қазақстан дегенде, Бақытжан Қаратаев сынды Алаштың туын көтерген алып тұлғалар еске түседі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық тмерейтойын атап өтер тұста Астанадан Елбасы тапсырмасымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен шыққан «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы халық пен биліктің, ел мен үкіметтің арасындағы көпір іспеттес. Біз халықпен бірге болайық, әлеуметтік мәселелері болса, соны шешейік деп келдік», - деді «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы штабының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынас кафедрасының профессоры Әміржан Әлпейісов.
***
Орталық коммуникациялар өңірлік филиалында өткізілген брифингке аталған пойыз штабының жетекшісі, тарихшы-ғалым, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың профессоры Әміржан Әлпейісов және ҚХА депутаттық корпусының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісі V шақырылымдағы депутаты Егорь Каппель қатысты. «Астанадан 1 қарашада шыққан «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы 14 желтоқсанда Алматыда мәре сызығын қимақ. «Біз осы 43 күнде 35 қала мен ауылда болып, қызмет көрсетеміз. Бұл пойызды «әлеуметтік пойыз» деп те атауға болады. Себебі халыққа әлеуметтік көмек көрсетіп, күрмеулі мәселелерін шешуді басты назарда ұстаймыз. Осы уақытқа дейін біздің қабылдауымызда 27 509 адам болды. Оның ішінде 5 771 адам дәрігерлік көмек алды. 3 650 адам түрлі министрліктердің көмегіне ие болды. Ауылдық жерлерде болып, халықпен кездесіп, олардың шешілмеген мәселелерін қарастырып, медициналық көмек көрсетіп, қажет деп тапқан жағдайда ауыр науқастарға Астана, Алматы қалаларында емделуге жолдама табыстап, мамандарымыыз денсаулық сақтау, білім, экономика, өзге де салалар бойынша ақыл-кеңес беріп келеді. Бір аңғарғанымыз, әлеуметтік көмек мәселесі қалаларда жолға қойылғанымен, ауылдарда бұл бағыттағы жұмыстар кенжелеп қалған. Енді, міне, тарихы бай, қазыналы Ақ Жайық өңірімен танысып жатырмыз. Бұдан да ой түйіп, шешілмеген мәселелері болса, назарда ұстап қайтатын боламыз. Ең бастысы, халықпен көбірек пікірлесіп, көкейіндегіні біліп, кейбір көмекке мұқтаж жандарға қолұшын соза алсақ, мақсатымыздың орындалғаны», - деді Әміржан Әлпейісов.
Брифинг барысында Егор Каппель Қазақ елінде бүгінгі таңда мемлекеттік тілді меңгеруге барынша ден қойылып жатқанын, бұған барша ұлт өкілдерінің көзқарасы түзу екендігін айтып, шынайы патриоттық тәрбие өзің өмір сүретін елдің тілімен қатар мәдениетін, салт-дәстүрін біліп, қиын-қыстау кезеңде елі мен жерін қорғай білген Абылай хан, Қабанбай, Қарасай сынды ұлы тұлғаларды мақтан тұтып, терең құрметтеуден басталатынын жеткізді.
***
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Менің елім – Мәңгілік ел" жалпыреспубликалық жастар акциясымен пойыз келуімен тұспа тұс келіп, жастарға патриоттық рух берді деуге болады.
Орал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған акция – елдің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін айшықтауға, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын насихаттауға, жастардың және халықтың бірлігін нығайтуға бағытталған. Сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының жетекшісі Әміржан Әлпейісов жастар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, «Мәңгілік ел» акциясын қолдауға шақырды.
Акция барысында облыс жастарының жетістіктері мен ой-пікірлері жазылған «Мәңгілік ел» жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» кітабы Ақтөбе облысының өкіліне тапсырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
вчера, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды