12 Желтоқсан, 2016
953
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Достық кентінде
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы 10 желтоқсан күні Алакөл ауданындағы «Достық» станциясына табан тіреді. Қонақтарды қарсы алуға арналған салтанатты жиынды Алакөл ауданы әкімінің орынбасары А.Абдинов ашып, барша жұртшылықты Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.
Жоспарға сәйкес пойыз құрамындағы мамандар бірнеше бағытта жұмыстар атқарды. Алакөл ауданының 370 тұрғыны Достық кентінің емханасында денсаулық саласы бойынша кеңес қызметтерін алып, тегін медициналық тексерілуден өтті.
Білім беру саласындағы мәселелерге арналған семинарда үш тұғырлы тіл, ҰБТ өзгерістері, 12 жылдық білім тақырыптары қызу талқыланды. 90 адам көкейлеріндегі сұрақтарға қанағаттанарлық жауап, кеңестер алды.
Аудан әкімдігінің ғимаратында әлеуметтік қорғау саласы бойынша 10 адамға зейнеткерлікке шығу, көп балалы және толық емес отбасыларға жәрдемақы алу туралы кеңестер берілді. Ауыл шаруашылығы, өз кәсібін ашу, бизнес, кәсіпкерлікке несие алу жолдары бойынша туындаған сұрақтарға 15- адам толық жауаптар алды.
Құқық қорғау мәселелері мен Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған кеңес алуға 10 адам келді. Нұр Отан партиясының өңірлік филиалына қабылдауына келген 12 адамның да мәселелері оң шешімін тапты. Акция аясындағы салтанатты митингке 1500 адам жиналып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен кездессе, 150 адам дәрістерге қатысты. «Тәуелсіз Қазақстан поезының» Достықтағы жұмысы жалпы 2157 адамды қамтыды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
вчера, 15:10