Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Қараша, 2016

1014

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Есілде!

«Тәуелсіз  Қазақстан» пойызы 2016 жылдың 14 қарашасында Ақмола облысының Есіл қаласына келіп жетті.

Мерекелік түрде безендірілген вокзал алаңында пойыз делегациясын қарсы алу салтанаты Есіл ауданының әкімі А.А. Қалжановтың қатысуымен өтті.

Қонақтарды жастар ұйымдарының көшбасшылары мен белсенділері ұлттық киім киіп, мемлекеттік тумен қарсы алды.      

Пойыздың делегациясы аудандық басқармалармен және тізімдемелермен бекітілген топтарға бөлінді.

Құрамында 21 дәрігері бар бірінші топ аудандық емханада ересек адамдарды және Есіл орталық аудандық ауруханасының әйелдер мен балаларға арналған бөлімінде балаларды қабылдады. Өткізілген жұмыстың барысында 470 адам қамтылды.

Дәл осы күні аудан азаматтарының «Нұр Отан» партиясының Есіл аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміндегі кездесуі ұйымдастырылды.  Сонымен қатар Есіл ауданы әкімінің қатысуымен –ткен  Қоғамдық келісім кеңесінің қоғамдық қабылдауына 8 азамат өтініш білдірді.

Барлық мәселелер бойынша түсініктемелер беріліп, екі мәселе сол жерде шешілді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі  көмек сұрап келген 16 азаматта әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес берді. Негізінен азаматтар зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылардың тағайындалуына қатысты сұрақтар қойды.

Заңнамалық мәселелер бойыншаалты адамға кеңес беру қызметі көрсетілді.

Сондай-ақ, аудан тұрғындары ауыл шаруашылық мәселелері, бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша кеңес алды. Көбісін техниканы судсидиялау, мал шаруашылығын қаржыландыру, ауыл шаруашылығын қаржыландыру, азаматтық-құқықтық қатынастарды реттемелеу, «ДКБ - 2020» бағдарламасының шеңберіндегі қаржыландыру шарттары қызықтырды.

Күннің бірінші жартысында ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері Есіл ауданының педагогикалық ұжымдарымен, мектеп түлектерімен кездесу ұйымдастырды.  ҚР БҒМ өкілдері ауданның 290 тұрғынымен кездесу өткізді.

Балалар шығармашылық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ауылдық Қоғамдық келісім кеңестерімен кездесу өткізіп, Есіл аудандық орталық кітапханасына кітаптар сыйлады.

Іс-шара барысында Қоғамдық келісім кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Есіл ауданы әкімінің орынбасары Д. Есжанов Есіл балалар үйіне барды. Музыкалық аспаптар оркестрінің дыбыстары, балалар үйі бойынша жасалған экскурсия, тәрбиеленушілердің бұйымдарынан жасалған көрме – бұл  балалар үйінде өткен іс-шаралардың қатарына кірді.

Астана қ. қоғамдық қайраткері Арыстан Жұмағали тәрбиеленушілердің қолдан жасаған бұйымдарын іске асыруға арналған ғаламтор дүкенін ашу ұсынысымен бөлісті. Сонымен қатар ол өзін жан-жақты жақсы көрсеткен тәрбиеленушілердің шоттарын толықтыру бойынша идеясының бастамашысы болды.

Іс-шараның барысында Арыстан Жұмағали балалар үйінің ең кіші тәрбиеленушісі Фелехин Александрдың ЖилСтройСбербанктегі шотын толықтыруға он бес мың теңге берді.

Қонақтар балаларға спорттық жабдықтар, кітаптар, ойыншықтар мен суреттер сыйлады. Балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақтарға арнап мерекелік концерт ұйымдастырып, оларды мәз-мейрам қылды.

Сондай-ақ, акция асяныда ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері № 7 Есіл агротехникалық колледжінің студенттерімен және ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында олар колледждің материалдық-техникалық базымен,  оқу зертханаларымен, жатақханалармен танысты. Оларға осы оқу орны білім алушыларының қызықты концерттік бағдарламасын тамашалады. Оған екі жүзден астам бала қатысты.

Осындай іс-шаралар  «Болашақ» балабақшасында да өтті.

Республикалық науқанның қатысушылары «Нұр Отан» партиясының есептік-таңдау конференциясына да қатысты.

Ауданда өткен акция соңында аудандық мәдениет үйінде мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Республикалық науқанның «Тәуелсіз Қазақстан» пойызына Есіл ауданының 1840 тұрғыны қатысты.

Кейін қарай