07 Қараша, 2016
820
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Өскеменде
Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласының «Защита» стансасына келіп ат басын тіреген «Тәуелсіз Қазақстан» пойызын өскемендіктер салтанатты түрде қарсы алып, қонақтарға арналған шағын мерекелік концерт ұсынды.
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы акциясының штаб жетекшісі Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарихшы Әміржан Әлпейісов қала тұрғындарын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық айтулы мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, пойыз құрамымен таныстырды. Бұл пойызда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, түрлі құзырлы орган өкілдері, дәрігерлер мен заңгерлер бар екенін атап өтті өз сөзінде.
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы құрамындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен ғалым, сарапшылар Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесіп, көкейдегі сұрақтарына тұшымды жауаптар берді. Отырыс барысында сөз алған ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының меңгерушісі Нұрғазиев Асқар Қисаұлы қонақтарға шырайлы шығыс өлкесіне қош келдіңіздер, - деп ізгі тілегін білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Бұдан әрі пойыз делегаттары Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде студент жастармен кездесу өткізіп, естелікке суретке түсті.
Ұқсас жаңалықтар
-
СҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Ақмола облысы «Таза Қазақстан» акциясының аясында сенбілік өткізді
-
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫМЕН
-
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өтті
-
Оралда «Тәуелсіздік қасиетті құндылық: ел болашағы мен халық еркіндігі» атты тақырыбында облыстық ғылыми конференция өтті
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
вчера, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті