Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Сәуір, 2016

879

«Тәуелсіздігімізге 25 жыл: жетістіктері мен болашағы»

            «Бұл бір түсінікті де қызықты конференция  болды», - деп ойларымен бөлісіп жатты М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің заң факультетінің студенттері Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратынан шығып бара жатып. «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздігімізге 25 жыл: жетістіктері мен болашағы» атты тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан  этномәдени бірлестіктер өкілдері мен «Ақ желкен» жастар лигасының белсенді мүшелері де осындай ойларымен бөлісіп жатты.

            Философия ғылымдарының кандидаты, ҒЭТ төрағасының орынбасары модератор Парида Мамедова жиналғандарды өткен ғасырдың қиын да күрделі 90-жылдарының атмосферасына еріксіз ендірді. Сонау тоқырау жылдарда өндірістің тоқтауы еліміздің үлкендерін күйзеліске ұшыратса, жастар мен балалардың көбі өз беттерінше  жүріп, көшеде бейберекет сандалумен күн өткізетін. Көптеген отбасылар жұмыссыз, табыссыз қалып, кейбір кезде бір үзім нанды да сатып ала алмай қалған жағдайға да жетті.

Осындай уақытта, 25 жыл бұрын, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды жаңа республиканың құрылысын бастауға демеу беріп, жақсы нәтижеге жететіндеріне көздерін жеткізді. Міне, осылай 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Қазақстан халқының еркiн бiлдiріп және қазақ ұлтының өзiн-өзi билеу құқығын растап, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялады.

            Осы Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жеткен жетістіктерінің негізі неде? Бұл туралы жиналғандарға Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының философия және толеранттылық кафедрасының меңгерушісі, ГЭТ мүшесі Г.Гизатуллина баяндап берді.

           Тәуелсіздікке қол жеткізудегі түрлі аспектілер жөнінде аймақтық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшелері М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің философия және саясаттану кафедрасының меңгерушісі Д.Кульбаева, азаматтық және азаматтық-процессуалдық құқық кафедрасының аға оқытушысы А. Қадырқұлов пен университеттің 2-курс студенті, болашақ заңгер А.Ештайбек жиналғандарға мағлұматтар берді. Оның ойынша, кәсіби мамандармен өткен осындай кездесулер қазақстандық жастарды патриотизмге баулиды.

 

 

 

Жамбыл облысы әкімі аппараты

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі   

Кейін қарай