Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Желтоқсан, 2015

1236

Тәуелсіздік күні

2015 жылы 14 желтоқсан күні Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді. Мәдениет үйі фойесінде тақырыптық экспозиция мен кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрермендер залында арнайы экран арқылы Тәуелсіздікке арналған бейнеролик көрсетілді. Сахнада Қазақстанның тарихы туралы театрландырылған көрініс қойылды. Сонан соң аудан әкімі Т.Дүйсебаев аудан тұрғындарын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, бірқатар азаматтарға облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарын тапсырды. Марапатталғандардың қатарында 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысушы, ауыл шаруашылығы, білім, мәдениет, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және аудандық ассамблея мүшелері болды.

Салтанатты жиналыс концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, мерекелік отшашумен аяқталды.

Кейін қарай