
08 Қаңтар, 2016
797
Тәуелсіздік мерекесіне қарай қадамдау іс-шара өткізілді
2016 жылдың 6 қаңтарында Қостанайда, облыстық Достық үйінде облыстық басқарма басшылары, шығармашылық және ғылыми зиялылар, этномәдени ұйымдардың өкілдері, ғылыми-сараптама топтарының мүшелері, жастар бірлестіктерінің көшбасшыларының, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Үлкен экрандағы күнтізбеде осы әйгілі іс-шараға дейін 345 күн қалғаны көрсетілді.
Осындай күнтізбе қаңтар айының алғашқы күндері Қазақстан бойынша басталған «Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық акциясы шеңберінде өткізілетін барлық іс-шараларда көрсетіледі. Іс-шара жыл бойына жоспарланған. Әр ай сайын Тәуелсіздігіміздің табыстары, оның ішінде жалпы қоғамдық еңбек, отбасы, интеллектуалдық ұлт, мәдени мұра және т.б. бағыттарда осы атаумен іс-шара өткізілетіні рәсімде айтылды.
- «Үлкен ел – үлкен отбасы» - бұл рух акциясы, әр қалаға, ауданға, ауылға жетеді деп үміттенемін, - салтанатты іс-шараны ашу кезінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев халыққа осындай сөздерін арнады. – Тәуелсіздік жылдары Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында, біздің елді барлық әлем танитын болды және біздің жетістіктерімізді мойындайды. Біз мақтан ететін істер бар! Биылгы жыл мемлекетті әрі қарай нығайтуға, халық бірлігіне және барлық қазақстандықтардың бірігуіне бағытталған.
Бұл күні көптеген қостанайлықтарға еліміздің Президенті, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыс басшысы атынан қоғамдық келісімге жету және бірлікті қолдау бойынша атқарған жұмыстары үшін медальдар, құрмет грамоталары, алғыс хаттары табыс етілді.
- Көптеген қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің 25-жылдығын мерекелеу – бұл үлкен мереке, бұл әсіресе аға ұрпақ үшін ерекше маңызды. Өйткен дәл біздің ұрпақ Қазақстанның тәуелсіздігі және қалыптаса бастауы кезінде тұрғанымызды мақтан етемін, - деді Қостанай облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин. – Осы жылдары еліміз көптеген мемлекеттер үшін үлгі болды. Осы абыройымыз күннен күнге арта береді деген үміттенеміз.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
вчера, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды