Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Желтоқсан, 2015

1143

Тәуелсіздік – тұғырым!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Көкшетау қаласындағы Достық үйінде мерекелік іс –шара болып өтті. Алғашқы құттықтау сөзді айтқан «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Мейрамбек Қиықұлы жиналған қауымды мерекемен құттықтып, Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерге біршама тоқталып өтті. «Ел тәуелсіздігі ол - ұлы ұғым. Біз мұны бағалай білуіміз керек. Жастардың санасына сіңіріп, бойына дарыта білуіміз керек» деп атап өтті. Сонымен қатар Мейрамбек Қиықұлы қазақ тілі мен мәдениетінің жанашыры ретінде халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Алғыс хатымен марапатталып, ерекше алғысқа бөленді. 

Мерекелік іс-шара барысында жыл бойы белсенділік танытып, ерекше талантымен көзге түскен бірқатар этномәдени бірлестік өкілдеріне Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы атынан алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы өткізген Көкшетау, Степногор қалалары, аудан әкімдері, ауыл округтері жанындағы Қоғамдық келісім кеңестері арасындағы «Үздік Қоғамдық келісім кеңесі» облыстық байқауының жеңімпаздары да осы күні марапатталып, ақшалай сыйақыға ие болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, жазушы, журналист, аудармашы Ғосман Төлеғұл өз құттықтау сөзінде бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің қаншалықты қиын жолмен келгендігін атай отырып, оны сақтап қалу, елімізді өркендету мен дамыту жастардың қолында екендігін атап өтті.

Мерекелік іс-шара барысында әр этномәдени орталық өз өнерлерін ортаға салды. Олар түрі басқа болса да тілегі бір, жүзі басқа болса да жүрегі бір азаматттарды бір тілек - Отанға деген сүйіспеншілік біріктіретінін паш етті.

«Қоғамдық келісім»

мекемесінің баспасөз қызметі

Кейін қарай