Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Сәуір, 2016

1008

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚҰРДАСЫ

    Ұлты грек, қазалылық Андреади Константин тәуелсіздікпен түйдей құрдас. Ол - №249 мектеп-лицейдің, Ақтөбедегі көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің түлегі.

    Мектепте жүріп-ақ қазақ тілі пәнінен сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. 2013-2014 жылдары Ақтөбе қаласында Константин өзінің Отан алдындағы азаматтық борышын өтеді. Қазіргі уақытта келісімшарт негізінде Ақтөбе қаласында әскери қызметте жүр.

   - Менің ойымша, туған елін, ұлт деген ұлағатын ұлықтай білгісі келгендер, ең бірінші, төл тілін қастерлеп, оны еркін біліп өсу қасиетінен айрылмауы қажет, - дейді Константин Константинович.

   

Кейін қарай