31 Шілде, 2019
1936
Тәжікстан елшілігі Ақмола облыстық ҚХА-ға ұлттық музыкалық аспаптарды сыйға тарту етті
Көкшетау қалалық Достық үйіне Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Хайрулло Ибодзода және Елшіліктің бірінші хатшысы Азизджон Хафизов келді.
Жоғары меймандарды Достық үйінің залында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Макенованың шәкірттері қарсы алып, қазақ дәстүріне сай бауырсақ пен қымыздан дәм татылды.
Төтенше және өкілетті елшіге Достық үйі бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Хайрулло Ибодзода Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің қызметімен танысып, әрбіріне Тәжікстанның көрнекті жерлеріне арналған дискіні естелікке тарту етті.
Елші сонымен қатар Ақмола ассамблеясына естелік ретінде заравшан қолтаңбасы мәнерінде әзірленген картинаны сыйға тартты. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы Индира Ыбыраева өз кезегінде Хайрулло Ибодзодаға қазақтың ұлттық аспабы – астауды естелікке тарту етті.
Ерекше сыйлық «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық мәдени орталығына сыйға берілді. Енді «дутар», «рубаб», «дойра» секілді ұлттық музыкалық аспаптар, сондай-ақ қыштан жасалған «таблак» бұйымы орталық кабинетінің сәнін келтіріп тұрады.
Экскурсиядан кейін конференция залында тәжік диаспорасының, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өтті. Хайрулло Ибодзода құттықтау сөз сөйлеп, екі ел арасындағы қарым-қатынас экономикадан бастап мәдениетке дейін көптеген бағытта дамып, халықтар достығы жылдан-жылға бекіп келе жатқандығын атап өтті.
Кездесу барысында тәжік ұлттық мәдени орталығының төрағасы Умар Шоназаров, чуваш этномәдени орталығының төрайымы Елена Мащинская, Ақмола облысының орыс қауымының төрағасы Александр Артеменколар түрлі ұсыныс-тілектерін білдірді.
Кездесу соңында Тәжікстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының келушілер кітабына тілек жазып қалдырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті