15 Наурыз, 2021
705
Тәжікстан елшісі Тараз қаласының Достық үйінде болды
Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайрулло Ибодзода Наурыз мейрамы қарсаңында көне Тараз шаһарына арнайы сапармен келді.
Түркі халықтарының мерекесі қарсаңында орын алған кездесуге өңірлік ассамблеяның этномәдени бірлестік басшылары, облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің өкілдері, өнерпаз жастары, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
Қонақтар шара басында тәжік халқының тарихы, мәдениеті, әдебиеті мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрінен сыр шертетін көрмені тамашалады. Сондай-ақ қонақтар қазақ және тәжік ұлттық тағамдарынан ауыз тиді.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Иманжанқызы тәжік делегациясын бірнеше этносты бір шаңырақтың астына біріктірген Достық үйінің құрылымымен, тәжік этномәдени орталығының тыныс-тіршілігімен таныстыра кетті. Мерекелік кездесуде тәжік халқының ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен әндер шырқалып, «Асылжан» би ансамблі қазақ халқының ұлттық биін биледі.
Іс-шара облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Алижон Шукурұлы мен Тәжікстан елшісінің бір-біріне естелік сыйлық тарту етуімен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті