Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Желтоқсан, 2022

327

Тағы да медиация жайында

Солтүстік өңірде медиацияны ілгерілету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Қоғамдық келісім»КММ Петропавл қаласының полиция басқармасында учаскелік полиция қызметкерлері тобымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуді ашқан Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Болат Базарбаев жеке құрам өкілдеріне адал қызмет атқарғаны және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткені үшін алғыс сөздерінбілдірді. Ол Ассамблеяның жұмысы туралы айтып, этносаралық негізде жанжалдардың пайда болуына жол бермеудің маңыздылығына назар аударды.Ықтимал проблемалық мәселелердің алдын алу мақсатында Б. Базарбаев құқықтық тәртіп қызметкерлеріне облыстық ассамблеяның ресурстарын пайдалануды және қажет болған жағдайда этномәдени бірлестіктердің басшыларымен және белсенділерімен байланысжасауды ұсынды.

Медиация бойынша сарапшы Дуард Рахимов медиативті қызметтің негіздерін атап өтті, сондай-ақ жұмыс тәжірибесінен мысалдар келтіріп, кездесу барысында туындаған сұрақтарға жауап берді. Д. Рахимов Достық үйінің базасында тоқсан сайын, тоқсандағы екінші айдың бірінші жұмасында «Қазақстан халқы ассамблеясы медиация кабинеттерінің Ашық есік күні»өткізілетінін хабарлады.

«Содружество» Солтүстік Қазақстан Медиация және Құқық орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілі, кәсіби медиатор Амангелді Туралинов соңғы уақытта елімізде медиациямен бірге этномедиация белсенді дами бастағанын атады. Ол да учаскелік полиция қызметкерлерін облыстық этномәдени бірлестіктердің көшбасшыларымен белсенді қарым-қатынас жасауға шақырды. А. Туралинов құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрмыстық жанжалдардың этносаралық жанжалдарға алмасуына жол бермеу маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Петропавл қаласы полиция басқармасы бірінші полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция майоры Қанат Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдеріне кездесуді ұйымдастырып, диалог жүргізгені үшін алғысын білдірді. Ол учаскелік полиция қызметкерлерімен кездесулер алдағы жылы да жалғасатынына сенім білдірді.

Айта кетсек, құқық қорғау органдарының бірқатар қызметкерлері 2022 жылғы қыркүйекте «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған медиация мәселелеріне арналған облыстық семинар-тренинг жұмысына белсенді қатысты.


Солтүстік Қазақстан облысында медиацияны дамыту мәселелері ағымдағы жылдың 28-30 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы ұйымдастырған «Жанжалдарды реттеу және этномедиация» семинарында қаралды. Филиал басшысы, СҚО ҚХА ғылыми-сараптаутобының мүшесі Лаура Қайыржанованың бастамасымен мемлекеттік қызметшілер медиатордың рөлі мен құзыретін, этносаралық жанжалдардың алдын алу және реттеу технологияларын зерттеді, сондай-ақ этномедиация бойынша ынтымақтастық моделін әзірледі.

​Ал желтоқсанның бірінші онкүндігінде медиаторлар мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің болашақ заңгерлерімен кездесіп, этностық негіздегі жанжалдардың алдын алу мәселелерін және Қазақстан заңнамасымен реттелетін басқа да мәселелерді талқылады.

Кейін қарай