
06 Қазан, 2016
1372
Тағы да жастар тәрбиесі туралы...
Жастар ортасында саяси инфантильдіктен бастап ұраншыл тәртіпке дейін жағымсыз көріністегі жағдайларды, тіпті Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына қайшы келетін қылықтарды жою мәселелері Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің және облыстың ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің «Нұр Отан» партиясының қатысуымен өткен отырысында кеңінен талқыланды.
Кеңестердің күн тәртібінде бастапқыда «Қыздың тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» деген жоспарлы тақырыбының қарастырылғанына қарамастан, Аналар кеңесінің төрағасы Зере Киикова қатысуымен пікірталас ауқымды сипатқа ие болды.
Клубтардың жетекшілері Айгүл Маментикова («Шаңырақ» ата-аналар клубы), Майра Қайыржанова («Сырғалым» клубы), Әсемгүл Махамбетова («Мәншүк Мәметова» қыздар мен әкелер клубы), Нұргүл Смағұлова («Айғаным» қыздар клубы) балғын қыздар мен бойжеткендерді байырғы халық дәстүрлерінде тәрбиелеудің маңыздылығы, отбасы құндылықтарының сабақтастығы туралы айтты. Дөңгелек үстелдің қатысушылары үшін заңды ерлі-зайыптық қатынасқа түсетін жас адамдар арасындағы жеке тұлғааралық қатынастар туралы мәселелер кең қызығушылық тудырды.
Сөз сөйлегендер «Адамгершілік-этикалық көзқарастар мәселелері: үлкенге құрмет көрсету, ана болу, махаббат пен қамқорлық, патриоттық және жігерлілік – жас адамдардың адамгершілік тұрырнамасының негізінде болуы керек», – деген пікірлер айтты.
Кездесудің қатысушылары бірқатар айрықша жағдайлардың әсер ету күшінің маңызды екенін растады: бірінші кезекте, қазіргі таңда ғаламтордың әлеуметтік желілерінде зорлық фактілерінің белсенді түрде таратыылуы және дәстүрлі құндылықтардың жойылуы, не болмаса олардың бөтен дәстүрлерге араласуы орын алуда. Сонымен қатар, құндылықты және өмірлік бағдарларды іздеу жолында бір шектен басқа шекке шығатын, жас адамдардың кейбір бөлігінің маргиналдану үрдісі күшеюде (жаңа әлеуметтік ортаның мәдени, этикалық құндылықтарын толымсыз игерілуімен бұрыңғы әлеуметтік байланыстардың жойылу үрдісі. Ол адамның азу үрдісі, оның бастапқы дәрежесінің жоғалуы, осынау өркениетті қоғам үшін тән емес әлеуметтік құбылысқа айналуы). Кейбір жастардың арасында патриоттық сезімдердің әлсіреуі, тұтынушылық қасиеттерінің артуы байқалады.
Осылайша, жастарды әлеуметтік-экономикалық бейімдеу мәселесі бүгінгі кезеңде ерекше сипатқа ие болады.
Отырыс аяқталғаннан соң дөңгелек үстелдің қатысушылары Көкшетау қаласының «Әулет» тәрбие жұмысы орталығы жанындағы педагогикалық әулеттер музейінің таныстырылымына қатысты.
Жиналған қауым «Нұрай» балабақшасы жанындағы «Шаңырақ» клубының төрағасы Айгүл Маментикованың Көкшетау қаласының мектептерінде Әкелер кеңесін ашу туралы ұсынысын қабылдады.
ҚР білім беру жүйесінің құрметті қызметкері, Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Зере Киикова «Арна» Көкшетау колледжінің базасында осыған ұқсас Әкелер кеңесін ашу ұсынысын айтып, ұсыныс бірауыздан қабылданды.
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов іс-шараның барлық қатысушыларына рахмет айтып, отбасы әулеттерінің өкілдеріне алғыс хаттар ұсынды.
Кеңестер отырысының жұмысына Көкшетау қалалық білім беру бөлімі жетекшісінің орынбасары Жәния Дондағұлова қатысты.
«Ақмола облысы әкімі аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім»КММ
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті