18 Наурыз, 2021
3112
Талас ауданында өткен кездесулерде әлеуметтік мәселелер сөз болды
Жамбыл облысы Талас ауданында облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шара барысында ауданда тұрып жатқан этнос өкілдерінің хал-ахуалы сөз болды. Жиынға келген тұрғындар сауалнамаға қатысып, ішінара туындап жатқан мәселелерді ортаға салды. Шара ұйымдастырушылар алдағы уақытта әрбір мәселеге кеңінен тоқталып, шешімін табу үшін аянбай жұмыс істейтіндерін жеткізді.
Талас ауданында «Бейбітшілік пен келісім» жобасын іске асыру бойынша қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, этносаралық қақтығыстардың алдын алу мақсатында этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өтті.
Жиынға этномәдени орталықтар өкілдері, облыстық, аудандық ішкі саясат басқармасының қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында Ішкі саясат басқармасының орынбасары Сержан Қуанышев аудан аумағындағы этномәдени орталықтардың жұмыстарымен танысты.
Кездесу барысында өскелең ұрпақ пен жастардың бойында белсенді азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік қалыптастыру тұрғысында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Талас ауданында «Бірлік пен келісімді нығайтудағы жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды үйлестіру» тақырыбында бірлескен қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті. Жиында «Қоғамдық кеңес» мүшелері ең алдымен қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау үшін идеология мен құқық қорғау органдарының жұмысы дұрыс жолға қойылу керектігін тілге тиек етті.
Отырыс барысында Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сержан Сапарбайұлы әр этнос өкілдерімен сұхбаттасып, олардың талап-арыздарын тыңдады. Осыған орай, көтерілген мәселелер назарға алынып, дұрыс шешімін табу үшін жоспар құрылмақ.
Жамбыл облысының Талас ауданы, Қаратау қаласында Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының және "Қоғамдық келісім" КММ ұйымдастыруымен өткен іс-шараға аудандық Аналар кеңесі мүшелері, облыстық және аудандық ІСБ және "Қоғамдық келісім" мекемесінің қызметкерлері қатысты.
Әдістемелік бөлімінің басшысы Аққу Қаратайқызының қатысуымен іс-шарада аудан аналары бірқатар проблеманы айтып өтті. Сонымен бірге, аудандық кітапхана меңгерушісі, іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Жұмабекова Шынар жастар бойындағы масылдық қасиетті жою мақсатында ауданда және ауылдық округтерде тігін цехын және қолөнер, наубайхана сияқты шағын өндіріс орындарын ашуды ұйымдастыру жөнінде де өз пікірін ортаға салды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32