11 Қазан, 2018
1714
Талдықорғанда «Достық» бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті
Талдықорғанда «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының «Достық» бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті.
Жиналысқа «Достық» бастауыш партия ұйымындағы үш топтық партия ұйымындарының барлық мүшелері қатысты.
Жиналысты Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай жүргізіп, Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдауын орындаудағы мақсат – міндеттер туралы түсіндірді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Достық» бастауыш партия ұйымының мүшесі, «Достық үй»-Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаевтың бастауыш партия ұйымының 2017-2018 жылдар арасында атқарылған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы есебі тыңдалды.
Бастауыш партия ұйымының жұмысын жандандыру тұжырымдамасы талқыланды. Жарыссөзге қатысқан С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы директорының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының «Достық» бастауыш партия ұйымының мүшесі Т.Ботаева Жолдауды түсіндіруде кітапханада атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып, өз пікірін білдірді.
Жұмыс барысында партия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы 9 адамнан Бюро мүшелері сайланып, бастауыш ұйымның төрағасына М.Тасыбаеваны, «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының кезекті XXVII есеп-беру сайлау конференциясына 3 делегат сайлады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті