20 Қыркүйек, 2018
954
Талдықорғанда этножурналистика саласындағы журналистер байқауының жеңімпаздары анықталды
Талдықорған қаласында этножурналистика саласындағы журналистер арасында өткізілген облыстық байқаудың жеңімпаздары марапатталдыү
Талдықорған қаласының «Тіл сарайында» Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы «ШАҢЫРАҚ» шығармашылық байқауын қорытындылауға арналған облыстық жетекші журналистер мен сарапшылар клубының отырысы өтті.
Шараға жетекші журналистер клубы, ЭМБ-нің төрағалары мен мүшелері, аудан мен қала газеттерінің бас редакторлары, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Сөз сөйлегендер облыстық «Огни Алатау» газетінің редакторы, облыстық ҚХА жанындағы Жетекші журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы - Идигов Атсалим Саламович елімізде әртүрлі этнос және конфессия өкілдері тұрады, сол себептен олардың өзара ықпалдасуы, достық, этносаралық татулық пен этностардың әлеуметтік, мәдени дамуы туралы БАҚ-та жариялау - қоғамның топтасуына, тұрақтылық пен келісімнің орнығуына сөзсіз септігін тигізетінін айтты.
Алдын ала жарияланған Ережеге сәйкес, байқауға 24 үміткер қатысты. Облыстық іріктеу комиссиясының шешіміне сәйкес үздіктер қатарынан қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірліктің қазақстандық моделінің мәнін ашуға арналған талдамалық материалы үшін «Қарқара» газетінің тілшісі Қанат Біржансал, Ассамблея қызметінің жаңа бағыттары мен жобаларын ашып көрсететін үздік материалы үшін «Хабар24» арнасының Алматы облысындағы меншікті тілшісі Ардақ Қысаев, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған үздік материалы үшін «Қазақстан» телеарнасының Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі Қуаныш Серікқанов, мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолданылу аясын кеңейту мәселесіне арналған үздік материалы үшін Алматы облыстық «Алатау» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Лина Айдын, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ ақпаратты берудің жаңа әдістерін қолдана отырып (вайнерлер, блогерлер) қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіруге арналған үздік материалы үшін «Bnews.kz» республикалық ақпараттық агенттігінің Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі Хасан Еспанов, «Астана: татулық пен келісімнің 20 жылы» тақырыбына арналған үздік материалы үшін «Қаратал» газетінің бас редакторы Асхат Өмірбаев арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті