15 Қыркүйек, 2018
999
Талдықорғанда колледж студентінің жобасы облыстық стартап идеялар байқауының жеңімпазы атанды
Талдықорғанда стартап жобалардың облыстық байқауы өтті.
Облыс орталығында «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы» мен өңірлік «Жаңғыру жолы» РЖҚ штабының ұйымдастыруымен қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің моделіне арналған «Ортақ шаңырақ» акциясы аясында «Өзіңді көрсет» облыстық үздік стартап жобалар байқауы өтті.
Байқау жастардың бойындағы түрлі саладағы әлеуметтік жобаларға деген танымдық қызығушылықтарын оятып, дамыту мен ынталандыруға жол ашты.
Шара 2 кезеңде өткізілді, оған барлық өңірлерден 16 мен 35 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Ережеге сәйкес 29 қатысушының еркін тақырыпта дайындаған жобалары қазылар алқасының назарына ұсынылды.
Соның ішінен 5 жоба үздік деп танылды. Осы додада «Пластикалық бұйымдар дайындайтын 3D printer» жобасының авторы Талдықорған политехникалық колледжінің студенті А.Мухин бас жүлдені жеңіп алды. 1-орынды І.Жансүгіров атындағы ЖМУ студенті Д.Бекежановтың «Алматы облысында тұрмыстық қатты қалдықтарды құқықтық реттеу» (шет елдің тәжірибесі және жаңа технологиясы бойынша) жобасы, 2-орынды Панфилов ауданы Жаркент қалалық жастар ресурстық орталығының маманы А.Батырханның «Ешкі сүтінен жасалған қымыз» жобасы, 3-орынды І.Жансүгіров атындағы ЖМУ студенттері Ә.Айтқазы мен К.Шаяхметованың мемлекеттің жасыл экономика бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде суды тазартудың инновациялық технологиясы жобасы иеленді. Белсенділік танытқан қатысушылардың барлығына ынталандыру сыйлықтар мен ҚХА-ның Алғыс хаттары табысталды.
Байқау қорытындысы бойынша «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығының» директоры Т.Қасымберкебаев жеңімпаздардың болашақта жеке істерін ашып, ел экономикасын дамытуға өз үлестерін қосатынына сенім білдіріп, үздік жоба иегерлерін марапаттады.
Шара «Достық Үйінің» өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті