07 Шілде, 2021
541
Талдықорғанда «Нұр-Сұлтан – келісім мен бейбітшілік астанасы» атты облыстық форумы өтті
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында астана күніне арналған «Нұр-Сұлтан – келісім мен бейбітшілік астанасы» атты облыстық форумы өтті. Іс-шараны «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен Алматы облыстық «Күміс тамыр» қытай этномәдени бірлестігі ұйымдастырды.
Форумды құттықтау сөзімен «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Жандос Байкамитов ашты. Сондай-ақ, «Полония» поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Елена Порсева, «Барбанг» күрдтер қауымдастығының Талдықорған өңірлік филиалының төрағасы Али Момуч-оглы, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Асет Ибрагимова, «Элефтерия» грек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Галина Путахиди сөз сөйледі.
Форум аясында қытай этномәдени бірлестігі үш номинация (ән, авторлық өлең, мәнерлеп оқу және патриоттық тақырыпта сурет салу) бойынша қашықтықтан онлайн байқау ұйымдастырды. Байқау талантты жасөспірімдер мен жастарға қолдау көрсетіп, өскелең ұрпақты эстетикалық және адамгершілік-патриоттық сезімін тәрбиелеу мақсатында өтті. Байқауға Алматы облысының барлық аймақтарынан түрлі этностың балалары мен жасөспірімдері қатысты.
Іс-шара барысында «Күміс тамыр» қытай этномәдени бірлестігінің төрағасы Людмила Мазова байқау жеңімпаздарын атап өтіп, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. «Ән» номинациясында бірінші орынды Талдықорған қаласынан қатысушы Аруна Балабекова, «авторлық өлең» номинациясында Лиана Султанова, «Бейнелеу өнері» номинациясында Диана Мигачева жеңіске жетті. Форум Талдықорған қаласының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламамен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды