15 Шілде, 2021
406
Талдықорғанда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вакиль Набиев ҚХА мүшелерімен кездесті
Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Вакиль Набиев облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, этномәдени бірлестіктердің, аналар және Қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдерімен, «Жаңғыру жолы» облыстық штабының белсенділерімен кездесті.
Кездесудің модераторы облыстық ішкі саясат басқармасы этносаралық қатынастар бөлімінің бас маманы Әбілхайыр Оралов алдымен аймаққа ат басын бұрған халық қалаулысына лебізін білдірді. Сонымен қатар, тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мерекелеу жер-жерде игі шараларға ұласып жатқанын жеткізіп, Тәуелсіздіктің жемісі болған Қазақстан халқы Ассамблеясы екенін айрықша атап өтті.
Жиын барысында Вакиль Гусейнович ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, сондай-ақ, мемлекетіміздің барлық этностарының жалпыұлттық бірлігін одан әрі нығайту және сақтау бойынша ҚХА-ның белсенді жұмысын жалғастыру – кездесудің басты мақсаты екенін айтты.
Кездесуді ҚР Парламенті Мәжілісінің III шақырылымының депутаты, Алматы облысының, Талдықорған қаласының және Ақсу, Алакөл аудандарының Құрметті азаматы, ҚХА жанындағы өңірлік Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Оралбек Жақиянов жылы лебізімен жалғастырды. Ол облыстық ҚХА-ның атқарып жатқан жұмысы және келешекке арналған жоспарлары туралы айтып, жоғарыдан қойылған міндеттерге сәйкес негізгі қызмет Жетісуда тұратын барлық этностардың татулығы мен келісімін сақтауға бағытталғанын атап өтті.
Жиында өз саласы бойынша Ассамблея өкілдері сөз сөйлеп, елдің стратегиялық бағыты тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен республиканың дамуына негізделгенін атап өтті. Сонымен қатар, Ассамблеяның негізгі ықпалы мен мүмкіншілігін тереңнен қаузады.
Халық қалаулысы жиында айтылған барлық ұсыныс мен талап-тілекті жоғарыға жеткізетінін атап өтті.
Өз кезегінде Вакиль Набиев М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен І.Жансүгіров атындағы әдеби музейін аралап, экспозициялармен танысып, мәдениет нысандарының қызметкерлерімен әңгімелесті. Бұдан кейін жастарға қызмет көрсету орталығының ғимаратында облыстық «Жаңғыру жолы» штабының белсенділерімен кездесіп, жиында жастарды Қазақстан халқы Ассамблеясына тарту мәселелері талқыланды.
Халық қалаулысы Талдықорған қаласындағы сапарын Елорда күніне орай ашылған орталық жүзу хауызын аралаумен тәмамдады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы