13 Желтоқсан, 2021
464
Талдықорғанда «Тәуелсіздігім – тұғырым» салтанатты шарасы өтті
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында І. Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздігім – тұғырым» салтанатты шарасы өтті.
Алматы облысының әр өңірінен түрлі этнос өкілдері, тарихи құнды заттарын, музыкалық аспаптарын, ұлттық киімдері мен көне кітаптарын әкеліп ұйымдастырған көрме мәдениет үйінің ішін ажарландыра түсті. Мерекелік кешке жиналған қауым тек концерттік шара ғана емес барлық этностың мәдениеті мен тарихымен танысып, рухани сусындап қайтты.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Тұрлашов Ләззат Махатұлы құттықтау сөз сөйлеп, облыста жалпыұлттық бірлік пен этносаралық келісімді нығайтуға үлес қосқан этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділерді өңір басшысының атынан Құрмет грамотасымен марапаттап, Қазақтың қара домбырасын сыйға тартты.
Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің атынан облыстық мәслихат депутаты Зәкіржан Пірмұхамедұлы Күзиев сөз сөйлеп, облыс басшылығына және салтанатты шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті