Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Қараша, 2020

586

Талдықорғанда «Жаңғыру жолы» өңірлік штабы осы жылды қорытындылады

Талдықорғанда «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының отырысы өтті. Іс-шараның барысында 2020 жылда атқарылған жұмыстар, карантин кезінде тұрмысы төмен отбасылар мен қарт азаматтарға көрсетілген қайырымдылық көмек, сондай-ақ 2021 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

Атап айтар болсақ, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ студенттері мен Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары республикалық «Birgemiz.Bilim» жобасы бойынша белсенді жұмыс жасап келеді. Сол сияқты ағымдағы жылдың 18 қыркүйек күні айында стартап жобалар байқауы өткізілді. 17 қаңтарда Достық үйінің ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы волонтерлік орталығы ашылды.

«Жаңғыру Жолы» өңірлік штабы ақпан айында Қарасай ауданында «Тұңғыш Президент жолымен» атты халық экспедициясына қатысып белсенділік танытып, шілде айында «Маска тағыңыз» атты республикалық акциясы өткізіліп, қаламыздың жастары акцияға өз үлестерін қосты.

Штаб мүшелері еліміздің азаматтарына, сондай-ақ тұрақты этносаралық және конфессияаралық қатынастардың қалыптасуына үлкен көмек пен қолдау көрсетті.

Кейін қарай