
06 Желтоқсан, 2021
448
Талдықорғанда Жамбыл Жабаевтың «Жамбыл әлемі» 30 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді
Алматы облысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың «Жамбыл әлемі» 30 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді. Шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мәдениет және спорт министірі Ақтоты Райымқұлова, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев және Алматы облысы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Жандарбек Бұлғақов қатысты.
Шара барысында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына қатысты Алматы облысы «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Жандарбек Бұлғақов қандай шаралар атқарып жатқанын баяндап, келер жылға ұсыныстарын білдірді. Өңір басшысы ұсынылған бір қатар жобаларды қолдайтынын білдірді.
Сондай-ақ, шара аясында Жамбыл Жабаевтың 30 томдық кітабының тұсау кесу рәсімі өтті. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев жастарға жолын беріп, Жандарбек Бұлғақовқа кестірді .
Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев өңірде Жамбыл Жабаевтың мерейтойына бағытталып өткізілген шараларға қысқаша тоқталып өтті.
- Міне, өздеріңізбен бірге Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалды музейінде еліміздің келешегін кемел ететін республикамызға белгілі жас ақын-жазушылармен кездесіп, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасымен бірлесіп шығарған «Жамбыл әлемі» 30 томдығының тұсаукесер рәсімін салтанатты түрде атқарып отырмыз. Бұл ғасырдан ғасырға мұра болып қалатын әдеби алтын қор деп санаймын. Ұлыларымызды ұлықтайтын игі істеріміз көп болсын!- деді Қ.Бозымбаев.
Жыл бойы халықаралық және республикалық деңгейде аталып өткен жыр алыбының мерей тойын қорытындылап, жиынға қатысушылар құран оқып, дұға бағыштады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Жамбыл облысы
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
«Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесері өтті
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Жамбыл облысы
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
«Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесері өтті
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ