13 Ақпан, 2019
1530
ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ АҒА БУЫН ӨКІЛІ БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНА БІРІКТІ
Талдықорған қаласындағы Достық үйінде «Алдагерлерді ардақтайық» жобасының аясында Белсенді ұзақ өмір сұру орталығы ашылды.
Жаңа орталықта мәдени-рухани клубтар, тіл үйрету және компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. Енді зейнет жасындағы аға буын ұрпақ өкілдері шахмат ойнап, кітап оқып, домбыра тартып, қолөнермен шұғылданып, тіпті фитнес залында жаттығулар жасай алады.
Здесь также работают кружки по интересам.
«Орталықтың ашылуы облыс орталығында тұратын егде жастағы азаматтарға өте маңызды. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына келушер осында өздерін дамытып қана қоймай, қоғамға пайда тигізе алады деген сенімдемін. Өзге этнос зейнеткерлердің өмір сапасын жақсарту, қариялардың әр күнін белсенді өткізуіне арналған орталық қарияларға деген қамқорлығымыздың басы ғана», - деп атап өтті Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай.
Достық үйіндегі орталықта «шебер қолдар», «салауатты өмір салты”, «үстел ойындары», «саз әлемі» үйірмелері арнайы кестеге сәйкес жұмыс істейді.
«Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында, «Өркен» спорт кешенінде және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университет жанындағы стадионда зейнеткерлік жастағы азаматтарға тұрақты түрде тегін қызмет көрсету жұмысы ұйымдастырылады. Сондай–ақ, Орталық секцияларын жүргізу үшін І.Жансүгіров университеті тарапынан қажетті мамандар мен белсенді жоғарғы курс студенттерімен, Алматы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығының мамандарымен келіссөздер жүргізіліп, кесте бекітілді», - дейді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев.
Ардагерлерді белсенді өмір сүруге баулитын орталықта психолог пен заңгерлер де қызмет көрсетіп, кеңес беретін болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті