Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Наурыз, 2021

658

Тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз - ырыс пен ынтымақтың мерекесі


Жамбыл облысы үшін былтырғы жылдар оңай болған жоқ. Қордайда тұрмыстық жағдайдан болған қақтығыстан қазақ пен дүнген үшін әлі де жүректе сызат бар. Жазмышқа озмыш жоқ.. Жамбыл жұртының басына қандай қиыншылық түссе де біз орыс, қазақ, өзбек деп ешқашан бөлінбегенбіз. Тәуелсіздіктің мепейлі 30 жыл толуы алдында халқымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі биыл елімізге, әрбір отбасына ерекше бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкеледі деп сенемін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз - ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы – Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек. Қар еріп, жылғалардан су ағып, табиғат жасарып, көктемнің саумал самалына ілесіп Наурыз да жетті. Амандық-саулық, ақ тілек, меймандостық, адалдық, молшылық, жалпы ұлтымызға тән тамаша салт-дәстүрімен паш етілетін мерекелі, берекелі күннің шапағаты жылдан-жылға жалғасын таба берсін.

Еңсесі биік елімізде елдіктің іргесі сөгілмей, бірліктің бесігі тербеле берсін. Мерекеден мерекеге басымыз аман, бауырымыз бүтін жетейік, барша қазақстандықтар!

Абдрахман Зайнутдинов,

Тараз қалалық өзбек этномәдени

бірлестігінің төрағасы


Биылғы жылы облысымызда ҚХА және басшымыз Бердібек Мәшбекұлының бекітіп берген «Бейбітшілік пен келісім» жобасына аса назар адуарылып отыр. Осыған орай, Наурыз мейрамында бірлік пен бейбітшілікті және көктемгі жаңаруды паш ететін мерекеде, әрбір қазақстандық үшін қымбат және қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқаратын мейрамда барша қазақстандықтарға тілерім – бақыт, шаттық, береке!

Аналар кеңесінің жетекшісі Гульхумор Довлатова басқарған тәжік этномәдени бірлестігінің мүшелері тәжік халқының «сумаляк» тағамын біз жылда сүйіспеншілікпен дайындаймыз. Тәжік этносы үшін бұл мейрам «сумаляк» тағамын дайындаумен ерекшеленеді. Ежелгі уақытта сумаляк көктемгі егіс басталғанға дейін дайындалатын салттық тағам ретінде ұсынылған. Ол ұнтақталған бидай дәндерінен дайындалады, одан соң ұн араластырылып, қазандықтағы мақта майында 20-24 сағат бойы қайнатылады. Бұл тағам адамдарға күш-жігер беріп, рухани да, тағам ретінде де азықты болуға зор пайдасын тигізеді деген сенім бар. Бұл халықтың байырғы заманнан келе жатқан сенім-ниеті, тәжік халқының салт-дәстүріне жатады.

Сондай-ақ, аталмыш тағамға дайындау сәтінде кішкене тастар қосылады екен, олар қазанның түбіндегі тағамның түбін күйдіріп алу қаупінен сақтану үшін қолданылады. Осыған қоса, «Сумалякты» дайындау барысында аталмыш тағамды қыз-келіншектер бір дауыста әндерін шырқай, билерін билей жүріп, бір-бірімен әзілдесе, көңілді жүріп әзірлеген. Салқындағаннан кейін «сумаляк» толы ыдыс дастарханға қойылып, тілек тіленіп ауыз тиіледі. Тағамның «ақ ниеті» - қыстан аман-есен шыққанға ризашылық және елде молшылық пен берекенің орын алуы.

Ольга Довлятова,

Жамбыл облысы Тәжіктер этномәдени бірлестігінің

мүшесі, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің өкілі


Қазақ елінің Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесі қарсаңында баршаңызды еліміздің ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін - әз Наурыздың тууымен құттықтаймын!

Күллі шығыс жұртына ортақ Ұлыстың ұлы күні - Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Аспанда күн мен түннің теңесетін, ырысы мол мереке біздің жан-дүниемізді шуаққа бөлейді, ой-иетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген де наным-сенім бар.
Қазіргі уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болды. Ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесінде баршаңызды түркі, орыс, неміс демей, халықтар арасындағы достықты бекітуге, бауырластық қарым-қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт-дәстүрінің қайта жаңғыруына осы мейрам күні үлкен үлес қосуға шақырамын. Наурыз мейрамы күллі жұртшылыққа құт-береке әкелсін. Баршаңызға амандық, саулық, дастархандарыңызға молшылық тілеймін!

Ибрагим Зуфаров,

«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі

Ақсақалдар кеңесінің төрағасы

Кейін қарай