19 Мамыр, 2015
1087
«Тарас Шевченко және Абай Құнанбаев – Ұлы далының ағартушылары» атты облыстық форум бойынша АҚПАРАТ
2015 жылдың 15 мымырында Талдықорған қаласында Алматы облыстық «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ-де «Тарас Шевченко және Абай Құнанбаев – Ұлы далының ағартушылары» атты облыстық форумы өтті.
Қысқа ғұмырының жеті жылы қазақ жерінде өткен, қазақтар «ақын Таразы» деп таныған Тарас Шевченко Маңғыстауда 20-ға тарта повесть, 100-дей өлең жазып, жергілікті жұрттың мәдениеті мен табиғатын ашатын 500-ге шамалас сурет салған. Осылайша, ұлы кобзарь ұлтаралық татулықтың негізін қалап кеткен.
Іс-шараның ұйымдастырушылары: Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ, Т.Г.Шевченко атындағы «Просвiта Жетысу» облыстық украин этномәдени орталығы және Ескелді ауданы әкімдігінің өкілдері.
Форумға облыстық украин этномәдени орталығының өкілдері, Шестаков атындағы педагогикалық мектеп ұжымы, Абай Құнанбаевтың және Тарас Шевченконың әдеби оқуларының жүлдегерлері, жалпы саны 200-ге жуық адам қатысты.
Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылына арналып, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы сынды маңызды даталарды қамтиды.
Форумның мақсаты - Тарас Шевченко мен Абай Құнанбаевтың гумманистік идеялары арқылы жастарды адамгершілікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және қазақ халқы мен украин этносы арасындағы достық қарым-қатынастарды, терең тарихи байланыстарды насихаттау, дәріптеу.
Шара барысында екі ұлы тұлға жайлы баяндамалар оқылып, бейнебаяндар көрсетілді.
Форумның концерттік бағдарламасында «Чарівница», «Зори Семиречья» украин халықтық ансамбльдерінің, «Ариран» корей вокалды-хореографиялық ансамблінің, Ескелді ауданыныың жігіттер вокалды тобы және өзге де өнерпаздардың орындауындағы қазақ, украин және өзге де этностардың әндері мен билері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шараның соңында облыстық украин этномәдени орталығының төрайымы Т.Криворучко қатысушылар мен белсенділерді атап өтіп арнайы марапаттар мен сыйлықтарын табыстады.
Сондай-ақ, облыстық Ассамблея хатшылығының бас маманы Л.Көнекбаева ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, іс-шараның мән-маңызының ерекше екенін атап өтті.
Іс-шараның атауы Формасы Қатысушылар саны Қамтылған адам саны «Тарас Шевченко және Абай Құнанбаев – Ұлы далының ағартушылары» облыстық форум 55 200
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22